Ескі архив · 24.03.2012 15:11

Алтын қазық

АЛТЫН ҚАЗЫҚ Қарттарды көргенімде, Бір түрлі қалам налып. Келмеске өздерімен кетеді-ау деп, Ата-баба ұстанған ғұрпымды алып, Ана тілім — қазына мүлкімді алып. Шала қазақ, шұбар тіл олардан соң, Он есе кететіндей сиқымды алып. Ақ жаулығы жоғалса шешеміздің, Жалаң бас қалатындай көрінеді, Келешектің қара сөз сылқымдары. Көкірегі — шежіре сырлы сандық, Қара шалдың қатары сетінесе, Жетімсіреп қалардай жұртым да азып. Қазағымның қадірі қартында екен — Ата жұртқа қағылған алтын қазық! Үміт Жәлеке
Авторы:
Karlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту