Ескі архив · 27.03.2012 17:07

"Дала сазы"- ол не?

Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар . Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп . Көрме туралы қысқаша: 2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады. Бұл көрмеде «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубы алматылықтарға және қала қонақтарына ұлттық музыка аспаптарының сан түрімен және оларды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік береді. Көрмеге конкурс нәтижесінде іріктелген республикамыздың 20 жас шебері қатысады. Мұнда 12 түрлі музыкалық аспаптың түрі қойылады. Жалпы, 50-ден астам аспап қойылады. Мынау көрменің заттарын қою жұмыстарынан: Секрет айтайын ба? ең арзан музыкалық аспап домбырадан 50 000 теңге тұрады Сонымен, сөз соңында көрмеге келіңіздер! Ертең ашылуы болады.
Авторы:
Aikona

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту