Футбол түні! Чемпиондар лигасы 1/4 финал!
УЕФА чемпиондар лигасы ақырындап өз мәресіне жетіп келеді. Бүгінгі түнде – ширек финалға қатысушы командалардың 2 жұбы алғашқы кездесулерін өткізбек. Соған:
«АПОЭЛ» — «Реал Мадрид»
Кипр, Никосия, «ГСП» стадионы, төреші Феликс Брых
«АПОЭЛ»: Киотис; Пурсаитидис, Жорже, Оливейра, Боавентура; Мораиш, Марсиньо; Хараламбидис, Тричковски, Солари; Аилтон
«Реал Мадрид»: Касильяс; Арбелоа, Пепе, С. Рамос, Марсело; Хедира, Гранеро; Озил, Кака, Роналду; Бензема
Бұл турнирдің бас фавориті саналатын «Реалға» жеребе тартуда «АПОЭЛ» леккенде корольдік клубтың жолы болғыш деп, көбі қызғаныштарын жасырмаған. Десек те, кипрлік клуб европада біраз шулағанын ұмытпаған жөн. Өз тобында аутсайдер саналғанымен «Порту», «Шахтер», «Зенит» командаларын қапы қалдырып 1/8 финалға І орыннан шыққан. Ол айналымда лионның «Олимпигіне» жолыққанда, тоқтаған жерлері осы ма деген сөздер тағы шықты. Мұнда да И.Иовановичтің шәкірттері «оңай шағылатын жаңғақ» емес екендіктерін тағы дәлелді. Шешуші матчта «АПОЭЛ» қақпашысы футбол лотереиясында нағыз ерлік көрсеткен:
«ЦСКА» клубымен өткен кездесулерде ширек финал жолдамасын «Сантьяго Бернабеуде» ғана шешкен галактикос, бұл кездесуге тыңғылықты дайындалған болар. Сондықтан істі кейінге қалдырмай бар күш-қуаттарын «ГСП» стадионында көрсететіндері анық. Сонда да португалдық бапкер қарсыластарына өз бағасын берді:
— Біздің АПОЭЛдан үйренетініміз де аз емес. Футболшылар осы күнге дейінгі нәтижеге командалық ойынның арқасында жетті. Кипрліктердің 1/4 финалда өнер көрсетуі құрмет тұтарлық. Бұл кездесуде тартыс көп болады, жанкүйерлері де жақсы қолдайды. Дегенмен, мәселе бүгін шешілмесе жауапты кездесуде керек нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деген.
«Бенфика» — «Челси»
Португалия, Лиссабон, «Эштадиу да Луж» стадионы, төреші Паоло Тальявенто
«Бенфика»: Артур — Емерсон, Жардел, Луизао, Перейра; Гарсия, Аймар, Витсель, Гайтан; Кардосо, Родриго.
«Челси»: Чех; Иванович, Луис, Терри, Коул; Эссьен, Лэмпард, Рамирес; Старридж, Мата, Дрогба.
Бұл жұптың ойынын нағыз қызық кездесулерге жатқызуға болады. Ақсүйектерді «топ-клуб» деген атағына ғана қарап, жалпы есепте жеңеді демесек, соңғы кездерде ойындары тұрақсыз. Ағылшын премьер лигасында соңғы екі ойынды «Манчестер Сити», «Тоттэнхемге» қарсы өткізіп 5 ұпай жоғалтқан Р. Абрамовичтің клубын тағы бір сын күтіп тұр. Мұнда бас назар команданың зейнеткерлері: Д. Дрогба, Ф. Лэмпардқа және португалдық клубтан ауысқан Рамирес пен Д. Луисқа бөлінуі тиіс. Алдыңғы екеуі «Челси» көшбасшылары болса, соңғыларына бұрынғы командаластарының ойыны жақсы таныс.
Давид Луис: «Бұл ойын мен үшін ерекше болмақ, өйткені Бенфикада тамаша сәттерді бастан кешірдім. Бірақ бұрынғы әріптестерім төрешінің ысқырығына дейін ғана дос болып қала бермек. Футболдың аты футбол!»
Жорже Жезуш командасының ойыны жанкүйерлерін қуантуда. Ішкі біріншілікте алғашқы үштіктің қатарында, Чемпиондар лигасында да сенімді өнер көрсетуде. Дегенмен «Бенфика» 1/4 финалды 1990 жылдан бері өте алмай келеді. Кім біледі, «бүркіттердің» сәті енді түскен шығар?
Қызықты фактілер:
— Бенфика еурокубоктар аясында үйде өткізген, соңғы 10 кездесуде де жеңілістің ащы дәмін татпаған;
— Челси аталмыш турнирдің биылғы маусымында қонақтағы кездесулерде әлі жеңіп көрмеген: 2 жеңіліс және 2 тең ойын;
Жан деген жігіттің еңбегі. түпнұсқа
