Журналистика - ең қауіпті мамандық)))
"Қазіргі кезде Журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандыққа айналды", — деп мәлімдеді 22-23 наурызда Парижда өткен ЮНЕСКО-ның Коммуникацияны дамытудың Халықаралық бағдарламасының(КДХБ) Үкіметаралық кеңесінің 28-ші сесиясында ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова.
сурет
"Өздерінің міндеттерін атқару кезінде мерт болған журналисттер мен БАҚ өкілдерінің саны таңқаларлық", — деп айшықтайды ЮНЕСКО. КДХБ баяндамасында соңғы 5 жылда 372 БАҚ қызметкері өлтірілгені туралы айтылады.
сурет
Көбіне журналисттер жергілікті қақтығыстар, жемқорлық пен заңсыз әрекеттерді әшкерелеу кезінде өлітіріледі екен. Ал тілшілердің өміріне қастандық жасайтындардың көбі полиция және қауіпсіздік қызметкерлері, сонымен қатар үкіметтік емес құрылымдар(ұйымдасқан қылмыстық топтар).
Журналисттерді өлтіру көрсеткіші бойынша Ирак көш бастап тұр. Онда 2006-2011 жылға дейінгі аралықта 88 журналист өлтірілген. Екінші орында — Филиппин(50), үшінші орында — Мексика(33) тұр.
Бір өкініштісі қылмыскерлердің санаулысына ғана сот үкімі шығарылып, қалғандары жазадан құтылып кетеді екен.
дерек көз
сурет
