Ескі архив · 28.03.2012 00:28

Қазіргі заманғы айтыс. Бізге ШОУ керек!

1 сурет 2 сурет Тәуелсіздіктің 20 жылдығы өткеннен бері газет-журналдардан, оны қойш, әлемтор бетінен Жүрсін мен Ринаттың, айтыстың атасы мен айтыстың баласының арасындағы бетжыртысты тамашалаумен келеміз. ************************************************************************************************ Айтыс сахнасындағы екі азулы тұлға вампирге айналып кетті. Бір-бірінің қанын ішеміз деп жүріп, айтыстың артын ашып тастады. Жүрсін ақындар айтысқа келісіп щығады, сол үшін алдын ала жұптаймын деді. Ринат оны растады. Болды ғой. Басқа ақындар болса мұны мойындағысы келмейді. Несі бар, ел алдына тек шындықты айту үшін шығатын ақындар болса, мұны да ақиқат деп қабыл алулары керек. Меніңше ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Сурырып салма айтыс — бәлкім ауыз әдебиетінің соңғы тұяғы шығар. Дегенмен «көнетоз күндер, тоздырып кешенің бәсін» деп бір ақын жырлағандай қазіргі заман талабына сай құбылу керек, бейімделу керек, эксперименттер жасау керек сияқты. Қашанғы самауырға ауыр сөз айтқан, екі бұты таранған шалбар кигісі келмеген «зар заман ақындары» болып қала бермекпіз. Ол кезде олар газ-плита, тоқшәйнектердің пайда болатынын білмеген ғой. Ал ұлдар үшін шалбар ең тамаша ойлап табылған дүние. ))) Қатып қалған қағиданы морозилниктен алып шығып, қажетімізге жарататын уақыт жеткен шығар. Жүрсін өзі айтыс арқылы нәпақасын тауып жүргенін мойындады(Димаштың айтысында ХАММЕР мінді). Бірақ демеушілердің арқасында. Егер реально ақша тапқысы келсе айтыс-шоу жасасын. Келісіп айтысудың өзі — өнер. Алдын ала дайындалса қаншама ұйқас, қаншама түйін ортаға тасталып, халықтың проблемасы оданда көркем түрде бейнеленер еді. Театрланып кеткенде ештеңе жоқ. Зато эффектісі екі есе, немесе одан да көп болар еді. Облыста жүрсекте, айтыс ақындарының арасында біраз жайға куә болғаным бар. Келіудің де түр-түрі болады. Ринат айтпақшы мәтінді толық көретіп келісу, яғни қарсыластар кәдімгідей а-дан я-ға дейін не айтатындарын дайындайды. Бірақ көбіне «мен аған мынаны айтамын, сен маған мынаны айт менің соған загатовкам бар» деген сияқты келісу қолданылады. Соңғы келісуді шоуға айналдыруға болады. Бәрібір мәтіні әр ақынның өз шамасына байланысты болады. егер екеуі де мықты ақын болса келісілген айтыстың сапасы кучти, өтімді, халықты жалықтырмайтын болады. Меніңше онысызда қалыптасып қалған келісілген айтысты тұсамай, кәдімгідей жолын ашып беру керек. Сонда екі типті айтыс болады. Біріншісі келісілген айтыс. Ондағы қырғын айтыскерлер супер айтысқа, яғни суырып салма айтысқа өтеді. Қазіргі заманғы айтыс типі осылай болу керек… идея ұнасы плюсті, ұнамаса минусаваттандар.
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту