Ескі архив · 28.03.2012 18:05

Керекинфода аламан айтыс басталды ағайын

Құрметті Керектіктер, бүгіннен бастап мынадай идеяны жүзеге асырғалы отырмын. Кешегі Абзал мен Әдемі әлемнің айтысынан кейін тасыма сарт ете қалған осы ой маза берер емес. Сондықтан Керектіктердің арасында қойтістердің тойыс айтыскердің басын қосып, айтыс ұйымдастырып отырмын. Аламан айтыстың шарты мен барысы мынадай: 1. Әуелі өзінің ақындығына, төрт жолдың басын құрай алатынына көз жеткізу 2. Қауымдастыққа тіркелу; 3. Өзімен айтысатын ақынды таңдау; 4. Қарсыласы өзге жынысты болуы тиіс (жыныс болғанда тек еркек пен қыз-келіншек); 5. Содан соң кімді таңдағанын айтып, және қандай айтыс екенін Көкбөріге ескертуі тиіс (бәдік айтыс, қайым айтыс, сүре айтыс); 6. Блогта кім мен кімнің айтысы болатыны, қандай түрде екендігі жазылған соң, астындағы пікір жазатын жерге шумақтарыңызды жаза беруге болады; 7. Айтыстың жазылған бөлігі пост түрінде жазылып, жалғаса береді. Кейін Тимур Бектұрдың ипавқа салатын әдісімен кітап болып шығуына мүмкіндік бар. 8. Пост болып шыққан соң көрермендер яки тыңдармандар тойыс оқырмандар өз пікірін қалдырып, дауыс бере алады. 9. Дауысты көп жинаған ақын келесі кезеңге өтеді. 10.Жеңімпаз ақынға Көкбөрінің бірінші пенсиясынан бес мың бірлік. Тиісінше, айтысты жалғастыруға көп уақыт бар. Демек, қапы қалмаңыздар, құрметті айтыстігер айтыссүйер ағайын! Пы.сы. Егер айтыс шартына қосатындарың болса, айтыңыздар, мұрын құлақ салып тыңдауға әзірміз. Ескерту: Бұл идея заңмен қорғалған. Көшіргісі келгендер авторлық құқықты сақтай отырып, автордан рұқсат алуы тиіс. Тиісінше осында жіберілген идеялар авторға қайтарылмайды, редакция меншігінде болып табылады.
Авторы:
kokbori

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту