Ескі архив · 28.03.2012 10:37

Жаңалықтар - 28 наурыз 2012

Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды. *** Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды. *** «Сыр ақшамы» газетінің кешегі номерінен Блоггерлер Құрылтайы басталатынын оқыған бір топ қызылордалық блоггерлер қауымы Астанаға аттанды. *** Рикки Мартиннің Қостанайдағы концерті еліміздің әнұранымен салтанатты түрде басталды. *** Мәжіліс депутаты Марсель Көшімхан бұдан кейін Кувейт тауарларын алмау және KW домен зонасындағы сайттарға кірмеу туралы ұсыныс жасады. *** Бауыржан Шоуда бірнеше жыл бойы сахнаға микрофон алып, шығып жүрген бір жігіттің де жеке күлкі театры ашылды.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту