Айтыс!!! АКҮ мен Арамзаның айтысы
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің де маған қараңдар,
Клаваларыңа мініңдер,
Керекке қарай жүріңдер.
АКҮ мен Арамза
Айтысатұғын балаң бар.
Тамашалап айтысты,
Плюстеуге жараңдар.
Пост жазылады біткесін,
Сонсоң дауыс санаңдар.
Шабыңдар, қані, қос дүлдүл,
Жұрт қарап тұр алаңдар,
Шаба алмасаң саған серт,
Шаптырта алмасам маған серт,
Адам болмас жамандар.
Көпке созбай бастайық,
Гонг те міне соғылды,
Брара рарам, барам бар!!!
Пы.сы. Жүрсін Саат екеуміз,
Іш күйгендер тұз жалаңдар.
