Ескі архив · 29.03.2012 02:02

Ұнайды / Ұнамайды

Ұнайды: жауынның тырс — тырс еткен дыбысы, күннің күркілі, самал жел, жауын тоқтағаннан кейінгі ерекше тыныштық, алғашқы қар, сәбилердің күлгені, жусан иісі, Ертістің бойында серуендеген, кітап оқыған, адамдарды қуанту, Көктөбеден түнгі Алматыны, Аблакетка тауына шығып түнгі Өскеменді тамашалау, жолға шыққанда шеті де, шегі де жоқ болып көрінетін кең далаға қарап отыру, «Бұл да өтер!» деген сөз, тыныштық, кездейсоқ танысқан, екінші рет көрмейтін адамдармен сөйлесу (ой бөлісу), көңілім құлазыған сәттерде артық сұрақ қоймай, оңаша қалуға мүмкіндік беретін адамдар, сөзі жоқ әуендер, суық су, бетпердесіз адамдар, туған жерімнің жұлдыздары, үнсіздік, қарапайымдылық, түн; Ұнамайды: қыста үйге естілетін боранның уілдеген дыбысы, суық, қатып қалған қағида (таңнан кешке дейін жұмыста отыру немесе сабаққа кешікпей келіп, соңына дейін отыру т.б), жаның ауырған сәтте «Мен жылауға тұрарлық нәрсе ме, емес пе айтайын. Не үшін екенін айтшы? Салыстырып қарасаң...» деген сөз, ұйықтаған кезде бастырылып қалу, «Бұл да өтер...» деген сөз, экземам, әлдекімдерге әлденені дәлелдеу, құлшылыққа қатысты сұрақтар, күту, қоштасу, орынсыз дауласу, күйзеліске түсуім, ана тілінде сөйлеуге арланатындар (жалған намыс), тәкаппарлық, сұйық дәрі ішу, өрмекші, үнсіздік, бос үміт, сағаттың тық – тық еткен үні, жолдан өту;
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту