Саннан сапаға
Блог Құрылтайда айтылған тақырыптардың бірі саннан сапаға өту. Қазір КерекИнфода адам саны да, пост саны да, пікір саны да, оқылу саны да әжептәуір бар. Google Analytics мәліметі бойынша күніне шамамен 4600 адам кіреді, орташа есеппен 12000 рет оқылады сайттағы жазбалар. Сайтқа келуші шамамен 00:04:34 уақыт сайтта қалады екен.
Бұдан кейін қолданушы санын да, сайттағы орташа уақытты да көбейту керек. Ол үшін сайт мазмұнына көңіл бөлсек деймін. Айтар ойын дұрыс жеткізе алмайтындар, нашар өлеңдер, бос әңгімелер көбейіп кетті. Ақпаратты жеткізу формасына дұрыс көңіл бөлмей жүргендер бар. Яғни, ұзақ жазбаларды жұрт «көбәріп» деп оқымай кетеді. Ал, соны егер дұрыс жолмен жарияласа, оқырман қиналмай оқитындай қылып шығарса оқылар еді.
Бұдан кейін сұрықсыз жазбаларды бірден жамандай жөнелмей, авторға қай жері қате екенін айта отырайық. Бір бірімізді үйретіп отырайық. Бұрынғыдай емес қазір негізі контент жағы біраз түзеліп қалды. Бірақ, әлде де жұмыс істеу керек.
Менің ұсыныстарым:
— Әуесқой өлеңдер жарияланбасын;
— Копипаст жазбалар көбеймесін;
— Қош келу, алғашқы жазбам сияқты бос жазбалар жазылмасын;
— Құттықтаулар мында емес, әлеуметтік желілерде жазылсын;
