Маслоу пирамидасы, әйнек жағажай, секвоя, алыптар жолы....
Адам тойымсыз екені рас-ау. Жақсыға тез үйреніп, қажеттіліктер арта түсуде. Есімде, кезінде әпергенді киіп, же дегенді жеп, тып-тыныщ боп жүруші ем. Қазір талғайтын болып алыппын.
Маслоудың пирамидасына сенсем, маған қазір топтағы нәрселер керек екен. Яғни рухани өсу, даму, жетістіктерге жету, жаңа бір нәрсеге үйрену, білімімді толықтыру, білмегенімді үйрену, ел көру, жер тану деген сияқты кете береді))))
Соңғы кездері секвойя ағашы өсетін орманды, әйнекті жағажай мен алыптар жолы (Тропа великанов) деген жерлерді көргім келеді))))))
Алғашқы екеуі тек АҚШта, ал соңғысы Ирландиядағы кереметтер. Уопшым солай. Арманыма жеткізсін! А теперь хором «Аумин» деңіздерші)))))
