Ескі архив · 03.04.2012 10:47

Андай бата

Баяғыда біреу досының үйіне түстенуге келсе керек. Көптен көрмеген досын қойы бола тұра қой соймай, еті бола тұра ет аспай жай сылдыр көжемен шығарып салмақ болған үй иесінің жайылған дастарханына әлгінің берген батасы дейді: Асың асың асыңа Береке берсін басыңа Қырғауылдай қорғалап Бөденедей жорғалап Қыдыр келсін қасыңа! Жақсы көрер досыңа Берген асың осы ма? Жақсы көрген досыңа Берген асың осы болса Қыдыр түгіл Қотағым да келмес қасыңа Керегенің басынан көнек кетпесін Борбайдың арасынан енек кетпесін! Аумин!-деп бетін сипаған екен дейді.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту