Ескі архив · 03.04.2012 12:45

Патриоттық мелодрама - қазззақтардың жаңа жанры

Романтикалық кеш. Қос ғашық мейрамхананың интимді күңгірт бөлмесінде бір-бірін көздерімен аймалап отыр. Үстел үстінде қымбат шампан, сәнделген салаттар мен сілекей ағызар тәттілер. Әйнек қабырғаның сыртында әсем қала — Ацсотононың силуеті көрінеді. Есілдің жағалауында жас отбасылар, кәрі-құртаң жайылып жүр. Бәрі сондай бақытты, мәз-мәйрам. Осы бір тамаша көрініс жалғаса берер еді, ал сен — көрермен осы бір тамаша өмірдің бір бөлшегі екеніңді сезініп, кеудеңді мақтаныш сезімі де керней бастайды. Ал, екі ғашықты айтсаңшы. Олар бір-біріне сондай сүйіспеншілікпен қарайды, бір-біріне мейірлене қарап, бақыттан мас болғалы тұр. Кенет жігіт қыздың қолынан ұстап әлдене айтуға оқталды. Көріп отырған көрермен де жігіттің қызға арнап әдемі сөздер айтатынын күтіп, ауыздарын ашып қалды: — Білесің бе, Айнаш. Бұның бәрі Елбасының арқасы ғой! Әдемі музыка ойнап қоя берді… Патриоттық мелодрама, жамағат — қазззақтардың қолынан ғана келетін жанр. "Алтын бүлдірген" жүлдесі мемлекеттік тапсырыспен кино түсірушілер мен актерлерге берілсе екен деген арман бар менде.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту