Ескі архив · 04.04.2012 14:27

"Адамдар-ай, адамдар!"*. Акт #1. Филолог-жезөкше

* — «Адамдар-ай, адамдар!» — monti -дің баспада жатқан кітабының атауы. Шынын айтқанда, жезөкшелер көбіне арам, жылпос, надан болып келеді. Әсіресе надан, қараңғы болып келеді. Тек: «Неге олай дейсіз? Мен мысалы, Спинозамен сусындағам, Моцартты тыңдайм» деп, араша түспей-ақ қойыңдарш, өтініш! Расымен солай: жезөкшелер — надан, қараңғы халық. Бір күні саунаға жезөкше шақырттық. Шақырғанда, солар жақын жерде жүре ме дейм, нақтың: жетіп келд. 10 мың дейд нақ! "Қой-ей, қуасың ба?" дейміз.Біздер саунаға кіріп кеткенде гиперинфляция басталып кетпеді ме деп, жігіттер дереу мобиламен Ұлттық Банқтың сайтын қарап еді: жоқ, доллыр баяғы — 147 теңгесімен орнында тұр екен, марченкосстың. Саудаласып- саудаласып, әрең дегенде 7 мыңға түсірдік. Содан әңгімеге тартып отырып, біздікі сол сұрақ қой, «осындай жағдайға қалай жеттің?» дейміз де баяғы. — «Есектің артын жу да мал тап» дегені бар емес пе Абайдың, данышпанның сөзін жерге тастайтын мен кіммін? — дейд!!! Лібә, ішіп отырған сырамды алдыма ақтарып ала жаздадым нақ, ал темекі енді, аңқайған ауыздан өзінен өзі сырғып түсіп кетті. Әрі қарай әдеби орамдармен, қисынды қиысы бар өлең жолдарымен аңқитқан үстіне аңқита берді. Не дейд Шивам-ау, «ер жігіт мұрынды келеді деген бар» деп, біреуімізге комплимент жасап қойд, анау ол сөзден шаруа басталмай жатып бітіріп қойд. "Қарынды жігіт дарынды, Берейін оған барымды..." дей ме, лібә. «Ал, қай алыпсоғың менімен бірге ләззаттың ауылына шабасыңдар?» дей ме епті! «Бұл жерде Әзілхан жазған махаббат құруға келген жоқпыз ғой» деп қоятынын қайтерсің! Не керек, әдетте ит-шошқа өмірі мен мал тағдыры туралы ойдан құрастырған әңгіме тыңдауға үйреніп қалған құлаққа бұ жезөкше кәдімгідей соққы болды. Сүйтсек, филолог екен де. Өміріме ырзамын, ләззат алам, әрі оған ақша төлейд дейд. Жезөкшені емес, онсыз да дімкәс бүкіл әдебиетті нетжівергендей боласың енді. Әсіресе ауыз әдебиетін. Қиын очм, жігіттер…
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту