Ескі архив · 04.04.2012 15:07

Бүгін Бекзаттың туылған күні немесе тоналған қабір фотосуреттері

Бүгін «Жер бетіне сыймай кеткен жұдырық» © Т.Жетпісбай деп өлең арналған арда ұл 32 жасқа толар еді. Қазір ғана қабір басынан келіп отырмын. Өткен жылы маса.кз тоналған қабірді фотосуретке түсіріп, салып жіберуді тапсырған еді. Ол суреттер жарияланды. Содан бері бір жыл өтті. Қолды болған медаль көшірмелерінің орны үңірейіп әлі тұр. Қалпына келтірілмепті. 2011 жыл, сәуірдің 21-і 2012 жыл, сәуірдің 4-і Көк аспанға бағыт алған ақ мәрмәрға бекітілген Бекзат жеңістерін паш ететін медальдың мыс көшірмелері толықтай дерлік жұлынып алынған. 2011 жыл, сәуірдің 21-і 2012 жыл, сәуірдің 4-і , Тік төртбұрышты қара мәрмар тас үстіндегі Сидней алтынының да көшірмесі жоқ. 2011 жыл, сәуірдің 21-і 2011 жыл, сәуірдің 21-і, 2012 жыл, сәуірдің 4-і Түсірілген фотосурет көп, алайда осы да жетеді. аламан.кз ұлттық спорт порталы бүгін осыған қатысты мақала беріпті. Керекте Pazylbek атты қолданушы да "ҚАҺАРМАНЫН ҚОРЛАҒАН ЕЛ ҚАҺАРҒА ҰШЫРАП ЖҮРМЕСІН" деп жазба жариялаған екен.
Авторы:
zhanibek_nurish

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту