Көбіне ұтып, кейде ғана ұтылатын экспресс
Кім орынында оытрып ақша тапқысы келмейді дейсіз? Артық ақша қалтаны тесіп шықпас. Сондықтан қазір интернетте ақша табудың неше түрлі жолдары бар. Соның бірі бәс тігу(ставка қою).
Футболдың фанаты болғандықтан кейін оны құр көргеннен бәс тігіп көрген әлдеқайда әсерлірек болады. Бірақ бұл жерде азартқа кетіп қалмау керек. Егер бүгін тәуекелге барып, ақшаңды ұтылып қалсаң, ертең оны қайтарып алудың жолын ойлау керек.
Оны қалай істеуге болады? Бірде «Футбол бәсінде ұтылмаудың жолы» туралы ақпаратты оқыдым. Тәжірбие жүзінде тексеріп те үлгердім. 4 бәстің үшеуінде ұтып, тек біреуінде ғана ұтылдым.
сурет
Бұл жерде аса тәуекелге бармайсың. Егер көп ақша қоймасаң әрине, және азартта болмайды. Оның жолы мынадай:
Ең алдымен ГООЛ.КЗ сайтынан(Өзіңізге қолайлысын пайдаланыңыз) онлайн-кездесулер(мачтар) бөлімінен бүгін болатын чемпионаттар, прьемер-лигалар, және тағы басқаларды қарап аласыз. Содан кейін olimp.kz(өзіңізге қолайлысы) букмейкерлік кеңсесіндегі футболды таңдап, бүгін болатын мачтарды белгілеу керек. Шыққан кездесулер тізімінің ішінде мідетті түрде бір мықты бір әлсіз командалар болуы керек. Оны букмейкерлер берген коэфицентінен анықтаймыз. Мысалы Бавария — Марсель. Баварияның(П1) коэф — 1,3, ал Марсельдікі(п2) — 6,2 делік. Яғни П1 ге сенімді түрде қоя беруге болады. Бұл жерде қоятын команданың коэфиценті неғұрлым аз, ал оған қарсы команданың коэфиценті неғұрлым көп болса, соғұрлым тәуекелде аз болады. Яғни «алтын ереже» қоятын команданың коэфиценті 1,3-тен аспауы керек.
Экспресс үшін осындай бірнеше командаларды таңдау керек. Бірақ күнде футбол көп бола бермейді. Ал егер көп болса, онда бір экспресстен 3-4 коэфицент шығаруға болады. Сондықтан бәске 1000 тг тіксеңіз, тиісінше 3000-4000 ұтасыз деген сөз.
Бірақ мықты командалар үнемі мықты бола бермейді. Кейде тең ойнап қалуы да, әлсіз команданы дұрыс бағаламаудың кесірінен ұтылып қалуы да мүмкін. букмейкерлермен келісілген мачтар да боп қалады. Сондықтан үлкен ақша тігіп тәуекелге бармай-ақ қойыңыз.
ПыСы: Қанағат қарын тойдырады.
