Жазалар әлеміне саяхат: Тірілей асу
Жалғасы, , басы мұнда
Жазаласа, ох жазаласа шіркін...© Satibaldi
Алдыңғы тақырыпта қуылу туралы оқығанда, "қойня ғой епті болса өлмейді" деп ойлаған боларсыздар.
Ал енді суреттегі жазаға кесілсеңіз, ешқандай ептілік құтқармайды.
Австралияның кей бөліктерінде аборигендер адамды өлтіріп, оны пісіріп жеп қоятынын ёбропалық қатындар «фи, неткен жабайылық» деп ботоксын сылп еткізер, бірақ, Англияның заң мен жазасының тарихына үңілсек, 1531 жылы кісі өлтірумен айыпталғандарды тірілей қайнатып жіберудің еш сөлекеті болмаған. 1532 Ричард Руз деген аспазшы тірілей қайнатылып өлу мәртебесіне ие болып, он жылдан кейін оның тәлкегін Маргарет Дейви деген малай әйел тартқан. Ол өзі қызмет еткен үйдің отбасын улап өлтірген екен.
Щеголдықпен бетіме бір шәйнек қайнақ су төгіп алғаным еріксіз есіме түсті.
Өмірінде бір рет болса да күйіп көрген адам тірі адамды қайнап жатқан қазанға салып жатқанын елестетудің өзінен көті мұздай терге шыланатыны анық.
Бұл жазалау 1547 жылдан кейін заңсыз деп табылған. Мұңайған көңілдеріңе медеу болсын деп мынаны да қарай отырыңдар, шешесс.
сурет: www.jesusneverexisted.com
To be continued…
