Ескі архив · 06.04.2012 10:15

Агент мұрағатын өшіру

Қазір жұрттың көбі Агент қолданады, қолдану мақсаттары әр түрлі. Құпиясөздер де сынып жатады. Ерлі-зайыптылар да агенттің кесірінен ренжісіп жатады. Соңғы кезде таныс келіншектер көп сұрап кетті, «күйеуімнің құпиясөзін білемін, кімдермен не сөйлескенін қарай аламын ба?» деп. Сақтықта қорлық жоқ дегендей Агенттің мұрағатын сақтамау керек деген кеңес бергім келеді. Бәрібір сізге келер еш пайдасы жоқ. Ал, құпиясөзіңізді білетін адам көп ақпарат алуы мүмкін. Сонымен қалай құтыламыз? Mail.ru поштасына кірген кезде сол жақтан Архив Mail.Ru Агента дегенге басамыз. Агент мұрағаты шығады, соның ес астына барып Удалить-ті басамыз. Барлығы өшіріледі. Сосын сол беттің жоғарғы жағынан келесіде агенттегі чатты сақтама дегенді қосып қоямыз. Болды
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту