Ескі архив · 07.04.2012 08:39

Жазалар әлеміне саяхат: Айқыш ағашқа керіп тастау

(жалғасы, басы мұнда) Жазала, жаным, жазала мені...© Мазох Бабаның үмметтері Жазаның бұл түрі Ежелгі Рұм елінде ең азабы көп өлім жазасының бірі саналды. Ерекше қауіпті деп саналған қылмыскерлерді, әсіресе қашқын, сатқын, бүлікші, көтерілісшілер бұл жазаның «рахатын» көрді. Марк Красс деген қолбасшы атақты Спартак көтерілісін әзер басқаннан кейін, «ендігәрі көттеріңді қысып жүретін боласыңдар, ссукалар» деген месседж ретінде Капуядан Рұмға дейін бас көтерген 6000 құлды (!) айқышқа керіп, жол бойына тізіп қойған. Красс керілген амиголарды өліп, шіріп, қурап кетсе де айқыш ағаштан шешіп алуға бұйрық бермепті. Ежелгі Рұмдықтардың тағы бір приколы үйдің иесі өле қалса, онымен бірге тұратын құл-мен күңнің де маңдайына хуяқ тігіліп, айқыш ағашқа керіледі екен. Ал негізі бұл жазаның жарнамасына ең үлкен үлес қосқан Марияның Құдайдан тапқан ұлы Иса амигоның азабы екенін бәрің білесіңдер. Осының арқасында, айқыш ағаш Христиан бауырлардың символына айналған. Айтпақшы, кейбір суреттердегі Иса амигоның өз айқыш-ағашын арқалап келе жатқан бейнесі рәсімге кірмейді екен. Ал Иса бүкіл айқыш ағашты емес, тек оның көлденең келетін бөренесін ғана жазалау орнына арқалап апарған дейді соңғы тарихи деректер. Сотталған бейбақты шегемен (шеге емес ау, кәдімгі темір қазықшалармен) айқыш ағаштың басына керіп тұрып қағады, кейде байлап қояды. Ал аяқты шегелеу міндетті емес, тіпті бейшараның өлімін алыстату үшін аяқ астына тіреуіш жасап қояды екен. Аид амигоның жолдамасын жазаланғандар ең бірінші тұншығу арқылы алады екен. Қабырғасының керілуі мен қарын еттерінің тартылуынан өкпесі ісіп, демала алмай, ауа жетпей қысылады. Кере тартылған адамның тынысалу бұлшық еттері бір дем тарту үшін бүкіл дененің салмағын көтереді, есесіне адам әр демін қиналып, еңбектені, күшеніп, әзер алады. Үнемі күшеніп тұрған иық пен көкірек еттері өкпені сығып, онда су жиналуына әкеледі. Ол аз болса, жан дәрмендеп тырбаңдап жатқан сорлыны біраздан соң «сушняк» қыса бастайды. Ал аяқ астындағы тіреуіштер тынысалуды аз да болса жеңілдететіндіктен, адамның өлімі ұзара түсетін. Әдетте, амиго құшағын жайған күйі 5-6 күн бойы өлмейді екен. Кейде жендеттер жазаланған қасқаларға жанашырлық танытып, өлімін тездету үшін аяқтарын шоқпармен ұрып сындырып тастайды екен. Осыған ұқсас азапты тек қабырғасынан асылғандар кешкен көрінеді: Жалпы жаппай жазалау науқандары өткенде рұмдық легионердің резюмесінде міндетті түрде: жалғыз әскери балтаның көмегімен ағашты шауып, екі бөренені тазарта аламын деген жазу болуы керек. Жұмысқа түсер алдында сарыауыз легиондерге инструктаж жүргізіледі: Екеуі қолдарына, екеуі тобықтарына қағылады, аспай-саспай әр шегені бір-ақ соққымен білектің арғы жағынан шығарып ағашқа бекітеміз. Інжіл кітаптары мен Исаның мүсіндеріндегідей шегелерді алақанға қағып жүрмеңдер. Сендер сияқты дилетанттардың кесірінен, талайлардың алақандары дене салмағынан жыртылып кетіп, амигомыз құлап қалып, бір жерін ауыртып алып, бәрін басынан бастауға мәжбүр болған кездер болған. сурет: www.centuryone.org www.ket.org www.bestmovies.com
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту