Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан"
Нақты тарихи мұралар негізінде жазылған, деректі роман, дербес еңбек «Туған жұрт» ғылыми қауымға, көпшілік жұртқа және жас ұрпаққа арналған. Көкейге қонымды, жеңіл тілмен баяндалып жазылған. 603 беттен тұрады. Айқындама сөзін «Дүйім алаш жұртына тағзым!» деп бастаған. Далалық Еуразия, Дерекнама және зерттеу, Шыңғыс ханның ата тегі, Ұлы даладағы рулар мен тайпалар, Шыңғыс ханның мөр тамғасы, Белгілі бір атаудың мәнісі, Көшпенділер болмысы, Тақау көршілер атты сегіз тараудан құралған.
Атақты жазушы Мұхтар Мағауин өткен 12-13 ғасырлр көлеміндегі Орталық Азия болмысын кеңінен қамтып, бүгінгі жұртшылық алдына таратуға ниет еткен «Шыңғыс хан» атты деректі тарихи роман 4 кітаптан тұрмақ. Оқырман қауымға ұсынылып отырған бірінші томы «сайыпқыран» Шыңғыс ханның дүниеге келер қарсаңындағы Ұлы дала суретін жасайды. Шыңғыс ханға қатысты қадым тауарихті төрт топқа бөліп қарастырады:
Мұсылман деректері
Қытай деректері
Батыс Еуропа деректері
Далалық шежірелер
.
Басым көпшілігі кейінгі қазақ құрамына құйылған, түрік текті ру тайпалар шежіресін түзіп, олардың дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, кісілік қасиеті мен рухани кейпін әйгілейді. Осы дәуірдегі халықаралық, тарихи және әлеуметтік жағдайларды айқындайды. Бір сөзбен айтқанда, бірінші кітап бүкіл Шыңғыс хан тарихының түсіндірме сөздігі есепті.
Өз басым әлі оқып біте алмай жатырмын. Кітап қолыма жақында түсті. Сөздік қорымды байытып, бірнеше сөздер қосып алдым Мысалы, дақпа-дақ, қадым тауарих, 20 ықылым, сыпаттама, соқталы еңбек, ұтырлы саясат, әсіресі мен асырасы тұрыпты деген сияқты.
«Айқындама сөзіміз» деген кіріспе алғы сөзінде автор:
" Сайыпқыран Шыңғыс ханның аруағы риза болғай. Қадым заманда жасаған асқаралы даңқы дабылдай берсін! Енді келесі кітаптарға кірісеміз. Өткен дәуір емес, жақын күндер, алыс болашақ үшін. Ұрпағымыздың мерейі мен мәртебесі үшін!.." дейді.
Айтқаныңыз келсін Мұхтар ата. Тәңірі қолдасын!.. Осы еңбегінің тарихты бүгінде бұрмалап, сан саққа таратып жүрген даулы Шыңғыс хан тарапындағы әңгімелерге қойылар нүкте екеніне мен сенемін
