Ескі архив · 09.04.2012 21:51

" Қиялдағы ару "

Қиялдағы ару деген — арманым бала күнгі. Жолыңа қарауменен, талдырдым жанарымды. Алыстап кеттің бүгін, уайымға салу үшін. Ой толқын өткен күнім, жыр болды сағынышым. Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда. Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында. Бұл жалған қысқа ғұмыр, жалғыз боп жүреді кім? Бар санам сезімге құл, жыры бол жүрегімнің. Еш бір жан байқамаған, ән салар кешкі желде. Сүйем деп айқайласам, өзіңе естілер ме?
Авторы:
nureke_alash

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту