Ескі архив · 09.04.2012 16:39

Көктемгі көңіл

Бейкүнә бәйшешек боп бүр жардық та, Бет түзедік бақиға базыналы… Осы аралық – пәнилік пендешілік, Осы арада пәтуаң жазылады. Көктем боп басталғанмен мына ғұмыр, Қыс болып бітетіні, тағы бар-ды… Сол қысқа жеткенше сапар бойы, Жол бойынан талай өлік табылады. Көктемімнің көбі кетіп, азы қалды Ойға омалып, көңіл де сәл жабығады… Маңдайдан кеп шертіп кетед, Анда-санда аптап жаздың азынабы. Аз қалды бітуіне көктемімнің, Уақыт қой, өктем үні көктегінің… Бұған да шүкір дедік, бір ақшамда Бізсіз де бұл Құдайды сөкпеді кім?!
Авторы:
KeSHa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту