Ескі архив · 09.04.2012 12:20

Pinterest - жаңа тренд

Pinterest — жақында ашылған жаңа әлеуметтік желі. Қазір өте тез дамып, қолданушылар саны тез өсіп келе жатыр. Соңғы деректер бойынша қазір әлеуметтік желілер арасында 3-ші орында тұр екен. Pinterest-тің басты ерекшелігі — суреттер. Яғни, бұл жерде жәй пост емес сурет-пост жариялайсыз. Твиттердің суретті түрі деуге болады. Өзіңізге әр түрлі тақырыпта тақталар ашып аласыз да соларға суреттеріңізді қоясыз. Өз фоллоуерлеріңіз болады және басқаларды да бақылап жүре аласыз. Бұл сервис әсіресе фото, сурет, графикамен айналысатындар үшін керемет сервис. Қазнетте қазақша суретконтентте осы сервис арқылы тез дамиды деген ойдамын. Келіңдер, бірге пиндетейік! www.pinterest.com P.S Әзірше тіркелу тек шақыру арқылы. Шақыру керек дегендер адрестерін осында жазып кетсін.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту