Даяшылардан пайдалы кеңестер
— Бардағы фирмалық коктейль деген нәрсе бөтелкелердің түбінде қалып қойған ішімдіктер жиынтығы немесе арзан ішімдіктерден құрылған сұйықтық. Бұл коктейлді 2-ші рет сұрасаңыз дәмі алғашқындай болып шықпайды. Көбінесе бұл біраз ішіп алған клиенттерге беріледі.
— Солянкаларды біраз тұрып қалған шұжықтардан істейді.
— Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.
— Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.
— Әдетте қымбат арақтың орнына салқындатылған немесе мұз салынған арзан арақ құйылады. Дәміне қарап мұны айыру мүмкін емес. Тіпті қымбат арақ шишаларына арзан арақ құйылып қойылады.
— Оңбаған клиенттердің кальяндарына тек түкірілмейді, сиіледі де.
— Ескі сыраны блендермен шайқайды, сонда көбігі бетіне шығып жаңа сияқты болып тұрады.
— Тез көтерілген нәрсе жерге түскен болып саналмайды :)
— Барлық жерде ішімдік, сусын, сыра бәріне су қосылады, мұз салынады.
— Кейбір аш даяшылар клиентке бара жатқан тамақтан ауыз тиіп жүре береді.
— Шайлық тастамайтын клиент қанша жерден жақсы адам болса да даяшылар үшін оңбаған адам болып саналады. Сондай адамдар үшін көп жерлерде арнайы «лохтар аймағы» деп аталатын үстелдер болады.
— Жақында ашылған, жаңа ресторан-кафелерге барыңыздар. Ол жерлерде клиенттерге жақсы қарайды.
— Көп нәрсе даяшыларға байланысты: тамақтың жақсы, тез, сапалы өнімдерден дайындалуы. Олар үнемі бір-біріне ақпарат беріп жүреді, қай клиенттің жақсы, қайсысының жаман екені туралы.
— Арзан бизнес-ланчтардан қашыңдар. Ондай ақшаға сапалы тамақ дайындату мүмкін емес.
— Егер даяшыны ренжітсеңіз, сөзге келіп қалсаңыз ол сізге баратын тамаққа түкіру ештеңе емес әдейі жерге былғап алуы да мүмкін.
— Ең сүйкімсіз клиенттер — айқай-шумен жүретін мәмбеттер және бір бокал шампан немесе сырамен бір кеш бойы жүретін, сол түн үшін айқын мақсатпен келген қыздар.
— Тамақтың кешігу себебі көбінесе тамақтың ұзақ дайындалуы емес, даяшының ол туралы аспаздарға айтуды ұмытып кетуі.
Құрметті керектіктер, даяшылық немесе кафе-ресторанда жұмыс тәжірибесі болғандар осында жаза отырыңдар естеліктеріңді. Мынау менің естелігім.
