Жазалар әлеміне саяхат: Қадаға отырғызу
(жалғасы, басы мында)
Жазаласа, ох жазаласа шіркін...© Satibaldi
Көп жағдайда алдымен қаданы көтіне қадап алып, сосын оны тік тұрғызады. Вертикаль тұрған қадаға да отырғыза берсе болады.
Бұл жаза Ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыста көп қолданыста болған. Көтеріліс, әйелдердің жасанды түсік жасауы және тағы басқа ауыр қылмыс істегендердің артына қада қағылып отырған. Ассириялық рельефтерде 2 нұсқасы көрсетілген: біреуінде қада төсінен кірсе, екіншісінде қада денеге аналь тесігі арқылы кірген.
Бұлай жазалаудан граф Дракула (вампиріңдісссс) ләззаттан бітіретін болса керек. Ол қаданың басын домалақтап, май жағып қояды екен. Қаданы әйелдің күнтимесіне (құрбан жатыры жыртылып, бірнеше минут қансырап, Аид патшалығына аттанып кетеді) немесе анусқа (құрбан тоқ ішегі жарылып, бірнеше күн қиналып өледі) бірнеше ондаған сантиметр кіргізіп, оны вертикаль тұрғызған. Өлім бірнеше күннен кейін бірақ келген. Өйткені басы домалақтанған қада адамның жанды ағзаларын зақымдамай денеге бірте-бірте терең бойлай берген.
Кей жағдайда қадаға көлденең ағаш қағылған. «Ол не үшін?» деген заңсыз сұрақ табиғи жолмен туады. Ол — қада адамның жүрегіне жетіп, оны өліммен тез қауыштырмау үшін жасалады. Құрбан сырғып келіп көлденең ағашқа отырады. Осылай қансырап бірнеше күн жатады (тойыс отырады).
Осы жерден алдым суретті
