Ескі архив · 16.04.2012 16:38

Дала.Қала.Мен.

Сағынғанмен даланы алабөтен Мен үшін болып кеткен қала мекен Өткен жолы түсімде күрең мініп Күн батысты бетке алып барады екем… Бөктердегі су ішпей бұлақтардан Телміремін кранға жылап қалған Кейде өзімді қозыдай сезінемін Енесінен адасып жырақ қалған Қабылдамай қаланы түсінігім Мен даланың адами пішінімін Қан-жынымен қалаға тастап кеткен Мен даланың жасанды түсігімін. Сынаңдар, ұрсыңдар, ұрыңдар." Қалада не істеп жүрсің, кет ауылға" десеңдер жауабым міне «Күн көру керек». Артыңдағы бауырларыңды ойлайсың дегендей…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту