Ескі архив · 16.04.2012 22:27

Менің сүйкімділерім...

Күнде жұмыстан кейін олармен сөйлеспесем, көрмесем шаршағаным басылмайды. Әсіресе үлкеніммен, неге үлкенің дейсіз ғой, себебі ең биігі, ең әдемісі және өзіне көп внимание требовать ететіні. Қытай раушанын сатып алдым, ол кезде кішкентай болатын. 3 айда 1 рет топырағын ауыстырып отырамын. Барған жерімнен гүл көрсем бір сабағын ұрлап аламын. Қолымның ілмегі жоқ, бірақ ұрланған гүл керемет өседі. Осындай ұрланғандардың бірі мына гүл Біреудің үйіне қонаққа барсақ, подъездің терезесінің алдында тұр екен. Неге шығарып қойғанын так и түсінбедім. Тамырланған соң қаушаққа отырғызамын. Жұмыста терезенің алдында екі қаушақ тұрды, бірінде тамырлансын деп қойған болу керек, не то что тамырланған тамыры шіри бастапты, қасындағы қаушақтағы гүлдің қандай гүл екенін түсінбедім, ала кеттім. 20 шақты күннен кейін әлгі гүлім алоэ болып шықты. Күтімсіз қалған сорлы шынашақтай екі жапырақ болатын. қазіргі түрі мынадайқаушақтағы сорға мән бермеңіздер, өзім де ұялып жүрмін, топырақтарын ауыстыратын уақыты келді. Бір дүкеннің терезесінің алдынан үнемі Денежное деревоны көріп жүретінмін, жоғалып кетті. Бір күні әдейі барып, дүкеншіден гүл қайда деп сұрап едім, складтан 1 литрлік банкіге салынған(суы сарғайып, тамырлары да адам көргісіз болып кетіпті) 5-6 сабақты әкеліп, мынау ма дейді.Аяп кеттім, ырымға 50 теңге тастап (ұрлап алмасаң, ырымға ақша тастап сатып алу керек) үйге тарттым, қазір әп-әдемі болып өсіп қалды. Туған күніме әпкем мужское счастье деген гүл сыйлады. Ерің бақытты болса, сен де бақыттысың деді. Оның гүлі қызыл болады екен, женское счастьенің гүлі ақ екен, соны өсіру жоспарда жүр (айлығымды күтіп жүрмін) Еденге қоятын үлкеееееен гүлдер өсіргім келеді, бірақ қос тентегім жүгіріп жүріп құлатып кетеді ма деп қорқамын. Бірақ, болашақта Құдай оны да көрсете жатар,мүмкін өсірте жатар Айтпақшы, қытай раушаны өкінішке қарай тек бір күн ғана гүлдейді, сосын солып қалады гүлі. Бірақ, иісі керемет әрі өте әдеміОлармен сөйлессең, мақтасаң жайқалып, тамаша болып өседі. Артық жапырақтарын кесіп, топырақтарын ауыстырғаннан кейін, как будто сені жақтырмағандай әрсіз болып қалады. 3-4 күннен кейін ғана беттері бері қарайды. Әттең олар көп еді, отпускке кеткенде шөлден біразы өліп қалыпты, мен жоқта үйді желдетеміз деп қыста үсіртіп алыпты. Ни шооооо, әлі талай гүлдер жайқалар деп өзімді жұбатамын.Керемет, өз басым демаламын…
Авторы:
salta

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту