Жазалау әлеміне саяхат: Күрделі кергіш құрылғылар
(жалғасы, басы мында)
… Джамму мен Кашмирде шоғырланған 150 мыңдық әскери контингенттің әрқайсысы ауыздан тебетін болса...© Satibaldi
Сен «Пила» мен «Я плюю на ваши могилы» фильмдерінің стиліндегі қинап өлтіру құрылғыларын азаптау өнерінің асқар шыңы деп жүрген шығарсың, бәлкім.
Түсінем, мен де солай ойлағанмын, мына пәлені интернет қойнауынан тауып алып, не үшін арналғанын, және қалай жүзеге асырылатынын анықтағанымша.
Көті қарақты адам суретке көз салғаннан-ақ, ненің қайда бекитінін түсінеді. Иә, анау екі арқан екі білекке, ал төменгі екеуі екі тобыққа байланады.
Ортасындағы валикті айналдырғанда, арқандар қарама-қарсы бағытта тартылады. Болды.
Сол-ақ па? дерсіңдер.
Сол-ақ нақ, тарта бастағаннан ақ буын буындарың тайып, сүйектерің қалтасынан шығып, нағыз жан азаптың көкесін көресің. «Білә, жіберсе екен, білә босатса екен» деп көз жасың көл боп жатқанда, жендет валиктің тұтқасын жібере салады. Бірақ ауырсыну басылудың орнына күшее түседі, «ойбай тарт» -«тарт» деп бақырасың сен. Жендет тарта қояды. Тартқанда да, екінші тартқанында сіңірлерің үзіліп, бұлшық ет пен терің сүйектен ажырап жыртыла бастайсың.
Пытыр-пытыр, күтір-күтір…
Ищакаа-а-ай…
Кергіш құрылғылардың басқа түрлері де көп.
Орыстарда салбыратып тігінен созатын «дыба» деген түрі де болған.
Кейде қинау қондырғыларының дизайнерлері кергіш тақтайға инедей үшкір қазықшаларды шошайтып қоятын. Теріңді жыртып қосымша экстрим тудыру үшін.
ПС. Қалай ойлайсыңдар, ағайындар мен апайындар, айналып дегенді «айланып» деп айтатындарға, тіскебасарды тамақ қылып жейтіндерге лайықты жаза ма?
деректердің қайнар көті: www.libo.ru, www.listaholic.com, wikipedia.org, www.libjistory.ru, urod.at.ua
