Ескі архив · 17.04.2012 11:56

Ағайын

Шалт басып шатасып, сорлаған соң Қара түнек басыңа орнаған соң Қандарыңның бірлігі неге керек Жандарыңның бірлігі болмаған соң Ақша тапсам Адамдық арым сатып Маңдайақы біреудің малын сатып Жиылар ең бәріңде маңайыма Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып Бойымызда оянып жалған намыс Болмашыға бұлданып арланамыз Қылыш болып шабатын кездер болған Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз Жақын жетер түбіңе талайыңның Сүрінуін туыстың қалайды кім?! Ағайынның барлығын көріп келем Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту