Бүгінгі күннің басты кездесуі - Бавария - Реал М
УЕФА чемпиондар лигасының 1/2 финалының кездесуі мыналар арасында:
«Бавария» – «Реал», Германия, Мюнхен, «Альянц-Арена»
Бұл турнирдің басты кездесуінде өнер көрсету – екі клубтың да мақсаты. Өз стадионында өтетін финалда топ жару «Бавария» үшін аса маңызды. Сондықтан немістер жолдама тағдырын бірінші кездесуде шешуге тырысады. Оның өзінде бундеслигада дортмундтық «Боруссияны» алға жіберген Юпп Хайнкес шәкірттеріне, жанкүйерлер алдында ақталудың сәті түсті.
Чемпиондар лигасын 9 рет ұтып алған корольдік клубтың қазіргі бапкері Ж.Моуринью «Реалға» кубокты ұтуға көмектессе, онда ол бұл турнирді үш әртүрлі командамен жеңген әлемдегі жалғыз маман атанады.
Бірақ оған дейін әлі ерте! Ең алдымен жартылай финалды өту керек. Галактикостың биылғы маусымда қарсыластарын аямайтындығын есепке алмағанда, мюнхендік клубпен өткізген кездесулердегі статистикасы нашар:
Жалпы өзімді «Реал», Жозе Моуринью, әрине Криштиану Роналдо жанкүйері ретінде статистика қуантпайды. Дегенмен «The special one» былай деді.
— Бұл матчта көбі «Баварияны» фаворит санайды. Солардың ішінде атақты мамандар Ф. Беккенбауэр, О. Хитцфельд. Әрине қарсыластарымды сыйлаймын, бірақ бұл статистика маған дейін болған дүние. Өз шәкірттеріме сенімдімін.
Бонус:
Қос қарсыластың соңғы кездесуі Франц Беккенбауэр Кубогын сарапқа салғанда 2010 жылғы 10 тамызда «Альянц Аренада» өтті. Онда жеңімпаз матч соңындағы пенальти ақылы анықталған болатын.
«Бавария» — «Реал Мадрид» 0:0 (пенальти 2:4)
«Бавария»: Бутт (Крафт, 46); Юллих, ван Бюйтен, Бадштубер, Контенто (Браафхейд, 46), Соса (Швайнштайгер, 60), ван Боммель (Оттль, 60), Мюллер, Праньич (Хаас, 74), Рибери (Алтынтоп, 60); Клозе.
«Реал Мадрид»: Касильяс; Серхио Рамос (Ласс, 58), Карвалью, Гарай (Альбиоль, 45), Марсело (Дренте, 87); Хедира, Хаби Алонсо, Педро Леон (Ван дер Ваарт, 58), Каналес (Бензема, 58), Роналду; Игуаин (Ди Мария, 58)
Бұл матчты тамашалаңыздар! Ойын тартысты да қызықты болмақ.
Жан АйтмаFамбетов
Түпнұсқасы
