ӘНДІ СҮЙСЕҢ...
Ән тыңдауды жаным жақсы көреді. Әннің құдіреттілігі сонда, керек кезде көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, кейде керісінше көңілге мұң ұялата алады. Кейде бірнеше параққа сыйдыра алмаған ойыңды бір ғана ән жеткізіп бере алады. «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!» — деген Абай атамыздың өлең жолдары ойымдағыны дөп басады. Сіздерге «көңілге түрлі ой салар» үш ән ұсынбақпын:
1.«Желсіз түнде жарық ай». Бұл әнді орындаушының аты – жөнін білмедім, бірақ дауысы өте ұнайды. Әнді тыңдаған сайын бәріне қолымды бір сілтеп, туған жеріме кетіп қалғым келеді. Тыныштықта отырып тыңдасаңыз, өзіңізді табиғат аясында отырғандай сезінуге болады. )))
2.«Мечта сбывается». Юрий Антоновтың орындауындағы бұл әнді көңіл — күйіңіз құлазыған сәттерде тыңдаған жақсы.
Если любовь не сбудется,
Ты поступай как хочется.
И никому на свете,
Грусти не выдавай.
Новая встреча лучшее,
Средство от одиночества.
Но и о том что было,
Помни, не забывай.
Припев:
Мечта сбывается и не сбывается,
Любовь приходит к нам порой не та.
Но, всё хорошее не забывается,
А всё хорошее и есть мечта.
Пусть о любви нечаянной
Кто-то сказать осмелится.
Если поверишь в это,
Сердце не закрывай.
В сердце необитаемом
Снова любовь поселится.
Но и о том, что было,
Помни, не забывай.
3. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» әнін Жанболат пен Жазира орындайды. Сөзі мен әуені үйлесіп тұрған ән өз орындаушысын тапқандай. Бұл өлеңнің толық нұсқасын оқуға кеңес берем. ))
Анадан алғаш туғанда,
Жыладым неге дауыстап?
Кіндікті кесіп, қиғанда,
Анамнан кеттім алыстап.
Жұлдыз бен айды алам деп,
Аптықтым неге жасымда?
Еркіндік жолын табам деп,
Ойлаған едім басында.
Еңбекке шыда, ебін тап,
Сабырдың түбі — сары алтын.
Өзімшіл болма, ардақта,
Адамның бәрі өз халқың.
Залым боп келді қырсаң да,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патша боп қанша тұрсаң да,
Бір күні дәурен солмай ма?..
