Ескі архив · 20.04.2012 18:32

Тэрвисте Эстония, Тэре, Керекинфо!

Опшым, Киевті 4 сағат шарлап, Киевше котлет жеп, Эстония әуе жолдарының Ыбырайым, тойыс Эмбраер ұшағымен 1,5 сағаттың ішінде Таллинге де келіп жеттік. Эстондықтарды тормоз деген стереотип қалыптасқанымен, оларда асығатындай да ештеңе байқамадым. Эстонияның жалпы халық саны 1,5 млн адам, оның 400 мыңы Таллинде тұрады. светофордың алдында 5 машина жиналса пробка деп есептейді. Өйткені бүкіл Эстонияда тіркелген автокөлік саны 600 мың машина ғана… опшым бәсекелестік деген олар үшін басқа мемлекет, ұлттармен ғана, өз іштерінде бәсекелесетін ештеңе жоқ, опшым… Мынау, Эстонияның басты алаңдарының бірі. алаңның ерекшелігі, алаңдағы ғимараттардың барлығының бірінші қабаттары мен подвалдарында сыраханалар мен мейрамханалар орналасқан, және бәрі бір-бірімен байланысып жатыр, яғни біреуінен кірсең, екіншісінен тамақ ішіп, үшіншісінен шығуыңа әбден болады. "Қазззақтар көрмесін бұларыңды" дедім іштей… Мынау біз барған «Корсар» деп аталатын, теңіз қарақшылары стиліндегі сырамейрамхана. жазаланса, ох, қатал жазаланса… принципінің көрінісі… Әр мейрамхана өз сырасын өздері қайнатады… Сыралары мықты, енді… Таллин портында болдық, мына бір жарнамалық ұрандары мен брендтік белгісі қарапайымдылығымен ұнады, креативтерінссс… Таллин телемұнарасында болдық. Біз келерден екі апта бұрын бұл мұнара 6,5 млн еуроға қайта жөндеуден өткізілген екен… Қазақи тұрғыдан алып қарағанда «мүмкін емес» дедік іштей… мынау шамамен, Патиктің паханы барған кездері түсірілген сурет болса керек… мынау қазіргі кездер… бүкіл экрандар интерактивті, яғни сенсор арқылы басқарылып, түрлі функциялар атқарады, мысалы мына жоғарыдағы қызыл экранның алдына тұрып, қолыңды ербеңдетсең, ар жағынан сурет шығады, Сониплейстейшніңдіссс… 170 метр биіктіктегі осы бір залда мынадай экрандар қойылған олардың әрқайсысы Эстонияның жетістіктері туралы баяндайды, мысалы, Скайпты ойлап тапқан Эстондықтар екенін осы жерден білдім… биіктіктен құлап өлгісі келетіндерге осылай істеуді рекомендеймін, терлейтін жердің бәрі терлейді екен, комплексіңдіссс… Эстониядан сәлем, опшым…
Авторы:
Aldeken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту