Ескі архив · 21.04.2012 03:27

Сауалнамаға қатысушылар керек

Қайырлы түн/таң/күн, блогшылар! Осыдан бір ай бұрын «Ана мен бала» сайтында сайтпен аттас журнал шығару жайында оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп едік. Дауыс берушілердің саны 501-ге жеткенде сауалнаманы тоқтатып қойып едім. Сөйтсем, сауалнаманың нәтижесімен қоса, берілген дауыстардың саны да маңызды болып шықты. Енді дауыс берген адамдардың санын арттыру үшін сайтымыздан тыс жерлерде (басқа сайттарда) дауыс беретіндерді іздеп жатырмын. Дауыс берудің еш қиындығы жоқ. «Ана мен бала» журналы қажет пе? деген сұраққа жауап берсеңіз болғаны. Дауыс беру кезінде үш жауаптың қай-қайсысын таңдасаңыз да өз еркіңізде. Сауалнама мына бетте: ana-bala.kz/saualnama Ескерту! Сауалдың астарында ешқандай философия жатқан жоқ. Дауыс берген адамдар санының көп болғаны керек.
Авторы:
Zako

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту