Ескі архив · 23.04.2012 10:45

Орташа Есеппен Жаңа Астаналық

— Астанаға алғаш келген кезінде тұрақты баспанасы болмайды. — Бала-шаға бірнеше айдан кейін келіп, қосылады. — Өз жерлестерін тез тауып алады. — Өз жағынан келетін пойыздардың кестесін жақсы біледі. — Қаланы жақсы білмейді, карта қолданады. — Таксиге төмен баға айтып қинайды, кейін 500 теңге жақсы баға екенін мойындап жүреді. — Астанаға келген туыстары оған келеді. — Ол жақсы гид. Әдетте Бәйтеректен басталған тур Артем базарымен аяқталады. — Бәйтерекке бірнеше рет мініп көреді. Океанариумға «турист» апарады, бірақ өзі кірмейді. — Ханшатырда пляж бар екенін айтады қонақтарына, бірақ өзі кіріп көрген жоқ. — Өзінің келген жағын мақтайды «күшті ғо, рахат қо» сияқты сөздермен, бірақ қайтып оралғысы келмейді. — Ол Шанхай базарының қайда екенін біледі. — «Астана пәлендей қымбат емес» деген сөздерді жиі айтады. — Оған жұмыс қарап қоюды сұрайтындар көп. — Оның әдетте 2-ші баласы Астанада дүниеге келеді. Қонақтарына «бұл бала таза астаналық, хехе» деп әзіл айтып қояды. — Ол қонаққа барғанда лифтімен көтеріп алу, түсіріп алу дегендердің не екенін біледі. — Оның көп уақыты бола бермейді. — Ол шашлықтың ең мықты жасалатын жері «Реал» екенін біледі. — Ол кем дегенде 3 пәтер ауыстырады. — Астанада «Барыс» хоккей командасы бар екенін біледі, бірақ хоккейге барып көрген жоқ. — Ол «Еламандардың» қай жерде орналасқандарын біледі. Астанаға келгісі келетіндер, келіп жатқандар көп. Осы посттың астында Астанада өмір сүрудің қызықтары мен қиыншылықтарын бөлісейік. Жаңа келушілерге көмектесейік.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту