Ескі архив · 24.04.2012 09:46

Гей клубта өткізген 8-наурызым

Өткен жолы 8-наурыз – біздің мейрамда әріптес қыздармен бас қосып, қыдырайық, мейрамды тойлайық деп ойладық. Кешкі сағат 10-дар шамасында әні-міні деп бас жиналып, бірнеше кафеге бардық. Орын жоқ Содан бір қыз осында бір гей клуб бар екенін, ол жақта біз сияқты қарапайым адамдар да жүретінін айтты. «Мүмкін сонда барармыз» деген ұсыныс тастады. Жарайды барсақ, барып, бір жағынан мәлімет жинап қайтайық деп бір ауыздан келістік. Бір жағы қызық боп тұр. Гоголя көшесімен төмен түсіп, айтылған клбука келдік. Әрине, ол кубтың атын атап айтпай-ақ қояйын. Менің таң қалғаным біз сияқты клубка көп бара бермейтін адамдар оның клуб екенін ажырата алмайды. Себебі, көше қап-қараңғы, сыртында жарығы жарқырамаған бір есік тұр. Оның ішіне кірсең, подволға түсесің. Сол подвалда дікш-дікш билеп жатқан адамдар. Әдетте клуб десе, көз алдымызға жарқ-жұрқ еткен жарықтар, сыртында көзді арбайтын жазулармен безендіріліп аты жазылады клубтың. Кіріп-шығып жатқан адамдар. Абыр-сабыр күй. Жоқ, бұл клубта бәрі керсінше. Мүмкін «көгілдірлердің» клубы болған соң бәрі де жасырын жасалған түрі шығар, әйтеуір ерекше. Содан не керек… 7 қыз болып кірдік. Есіктің аузында тексеріп кіргізіп тұрған адамы еркекшора әйел екен. Денелі, шашы қысқа, үстінде спорт киімі, күзетке жаралған әйел сияқты. Барлығымзды мұқият тексеріп кіргізді. Баспалдақтармен төмен түсіп, ел билеп жатқан жерге келдік. Іште кішкене үрей бар, бірақ қасымда қыздар болғаннан болар сенімдірек жүресің. Кіріп, билей бастадық, біздің бөтен адам екенімізді бірден білген олар алайған көздерімен қарай бастады. Мән бермегендей билеп жатырмыз. Жан-жағыма қарасам, екі-екіден құшақтасып, жабысып, сүйісіп билеп жатқан еркектер. Сол кезде денем түршігіп кетті. Сол жігіттерді көшеде көрсеңіз, көгілдір ме, басқа ма ажырата алмайсыз. Әп-әдемі қазақтың жігіттері. Орыс не болмаса басқа ұлт өкілдері болса, ішің ашымайды ғой. Жұп боп билеп жатқан жігіттердің бірінің көзі бізге түсе қалса, екіншісі қызғаныштан өле жаздайтын сияқты. Біздің қасымызға келіп, «сүйіктісіне» көз салмауды айтып кетіп жатқан жігіттер де болды. Жігітті жігіт қызғанатын болған ба? Біраз уақыттан соң кішкене демалып, етігімізді басайық деп, жанымызда тұрған орынға жайғастық. Қарасам, дәретхана жақтан «фигурасы аттай екен»деп жатамыз ғой, фигурасы керемет, аяғы оқтай, шаш жалғаған, жабыстырып көйлек киген екі еркек келе жатыр. «Иә, иә қызықтың бәрі мына жақта екен ғой» дедім ішімен. Бұл еркетердің әлсізденіп кеткені ме, әлде ер адамдарға қыздар жетпей жатыр ма? «Статистика бойынша әр балаға шаққанда жеті қыздан келеді» деп ауыз толтырып, мақтанып айтып жүретіндері қайда?! Мүмкін бұл дерт шығар, біз түсінбейтін шығармыз. Бұрындары көгілдірлер бар екенін есіткенімізбен, көзбен көрмейтін едік, тіпті әзіл ретінде де қолданбайтын «көгілдір сөзін». Сол клубтан шыққанан кейін көпке дейін есімді жинай алмай жүрдім. Көшеде жүрген ер балалардың барлығы «көгілдір» сияқты көрінді көзіме. Жігіттер, жан түршігерлік әрекеттерге бармаңдаршы. Бір үйдің отағасы болған сендерге жарасады…
Авторы:
Aragin

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту