Ескі архив · 24.04.2012 16:50

КерекКонтент байқауына қатыс, қазақша контентке өз үлесіңді қос!

Gastarbaiter контент байқауын жасайық деген ұсыныс айтты. Сол идеямен КерекКонтент атты байқау жариялаудамын. Мақсат қазақша пайдалы контентті көбейту, КерекИнфода сапалы пост жазуды дамыту, бірігіп бір команда болып жұмыс істеп көру. Байқау қалай өтеді? Бірнеше тақырыпта материалдар дайындалады. Байқау бірнеше турдан тұрады. Әр тақырып өзінің тур күнінде жарияланады. Кейін барлығының жалпылай қортындысы шығарылып, үздіктер анықталады. Тақырыптар қандай? 1. Сапалы аударма. Қазақстан туралы бұрын еліміздегі ешқандай БАҚ немесе сайтта жарияланбаған қызық материалды тауып алып, қазақ тіліне аударып, осында бөлісу. 2. Демотиватор. Кез келген тақырыпта 5 демотиватор дайындау. 3. Мотиватор. Кез келген тақырыпта 5 мотиватор дайындау. 4. Суреттер сөйлейді. Кез келген тақырыпта бір фото-пост. 5. Сараптама. Кез келген тақырыпта сараптамалық бір мақала. Кімдер қатысады? Кем дегенде 2 адамнан тұратын бірнеше команда қатыса алады. Командалар аты және құрамы бейсенбі 26 сәуір, сағат 18-00ге дейін админге берілуі тиіс. Жүлдеге не бар? Әзірше ештеңе жоқ. Арнайы осы байқау үшін қор жинаймыз, жеке демеушілерге де еш қарсылық жоқ. Қашан басталады? Алдағы дүйсенбіден бастап, күніне 1 немесе 2 турдан өтетін болады. P.S Байқау тәртібінде және ережелерінде өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түзетулер осы пост ішінде жаңартылады. Ұсыныстарыңызды күтемін. Құрметпен админдерің.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту