Ескі архив · 25.04.2012 10:20

Миллион админге бұйырмады

2005 жыл болатын, әлі жұмыс таба алмай сенделіп жүрген кезім. Сол кездерде «Миллион кімге бұйырады» ойыны танымал болды. Соған қатысып көргім келді. Бірақ, қатысу үшін Караван газетін сатып аласың да, газетпен бірге берілетін купондағы номерді айтып Хабарға телефон шаласың. Купон тек Алматыда ғана беріледі. Әсет деген бұрынғы керекші досыма айтып алдырдым сол купонды, ол маған номерін жазып жіберді. Сосын сол номер бойынша тіркелдім телефонмен, тіркелу кезінде оңайлау сұрақтар қояды. Кейін өздері хабарласып, тағы да сұрақтар қойып, егер дұрыс жауап берсең алдағы уақытта шақырамыз дейді. Осылайша телефон арқылы өтіп, бір күні ойынға шақыру алдым. 7 қазан күні студияға кел деп хабарласты 2 қазан күні. Содан әзер деп ақша тауып, плацкартқа билет алып, 2 күнде Алматыға жеттім. Үлкен ақша ұтып алатыныма сенімдімін. Қайтарға билет те алған жоқпын. Содан ойынға да қатыстым. ТВ-дегінің бәрі өтірік екенін көрдім. Сол кезге дейін ойын тікелей эфирде және ақшаны сол жерде бірден береді деп ойлаппын. Маған айтқандары ойын алдымен эфирге шығады, содан кейін 6 ай ішінде аласың деді. Қалтамдағы соңғы 2000 теңгені бөліп, бөліп 2 бәске тықтым футбол ойындарына. Сол бәстердің біреуі ұтты, 16800 теңге. Ертеңіне соны алдым да, купеге билет алып Ақтөбеге тайдым. Ақшаны келесі жылы наурыз айында «ХХІ ғасыр көшбасшысының» финалына барған бөлемнің шешесі алып келді. Барлық нәрсеге сене беретін ақкөңіл, ертеңді ойламайтын жайбарақат кездер еді сол кездер.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту