Ескі архив · 26.04.2012 16:01

Экс-қарағандылық футболшы Баварияны финалға шығарды

Мадрид. Сантьяго Бернабеу стадионы. Чемпиондар лигасы. Жартылай финал. Соңғы пенальти. Ойын бойы үздіктер қатарында болған Бастиан келді де ақтық пенальтиді шіреніп тұрып тепті. Гол! Баварлықтар финалда. Мюнхеннің «Бавариясының» осы бір жартылай қорғаушысының бұрынғы қарағандылық екенін біреу білсе, біреу білмейді. Иә, ол біздің жерлесіміз — Бастиан Швайнштайгер! 1984 жылы Майқұдықта туылып, 1992 жылы Германияға көшкен неміс отбасысының кенже баласы. Қарағанды уақытымен түнгі 03 сағат 30 минутта аяқталған бұл ойыннан кейін Бастианның әкесі Александрға телефон шалып құттықтағанбыз. Бүгін таңертең бізге Бастианның өзі хабарласты. Түнімен ұйықтай алмай, таңғы рейспен Мюнхенге жеткен ол алдымен біздің редакцияға хабарласып, таңғы бағдарламамызға телефон арқылы қатысты. «Сәлем Қарағанды» деп сөзін қазақша бастаған Бастиан өздерін қолдаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Өздерінің стадиондары «Альянц Аренада» өтетін финалдық кездесуге шақырды өз жерлестерін. Туған жерін ұмытпай жүретін осы марқасқа жігіттің бұл ісіне риза болып қалдық. "Ұлтым неміс болса да жаным қазақ" деп отырушы еді әкесі Александр. Швайнштайгерлер жанұясы Мюнхендегі қазақ диаспорасының штаб-пәтеріне де жиі барып тұрады екен. Бастиан әр маңызды ойынның алдында ет астырады екен үйіндегі келін балаға. Осындай азаматтардан қалай айналмайсың! Сөзінің соңында Бастиан келесі маусымда чемпиондар Лигасы тобында Қарағандының «Шахтерымен» бір топта ойнағым келеді деген тілек айтты. Лайым солай болғай Бастиан! Бастиан Қарағанды әуежайында. 2010 жыл. Бастиан бөлесі Дмитриймен бірге. Майқұдық. 2009 жыл. Бастиан Қарағанды қалалық Мәдениет үйінде. 2011 жыл. Аманжан Мыңжасар «Майқұдық радиосы» Суреттер Швайнштайгерлер отбасылық альбомынан алынды.
Авторы:
Rafaello

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту