Сынық терезе теориясы
"Қылмыспен күресудегі табысыңызға қалай жеттіңіз?" сұрағына Нью Йорктың аты аңызға айналған мэрі Джулиани былай жауап беріпті:
— Бос тұрған бір ғимарат бар. Сол ғимараттың бір терезесі сынса, сол терезені тездетіп жөндемесеңіз аз уақыт ішінде сол жерден өткен адамдар тағы бір тас лақтырып, сындырып кете береді. Мен бір терезе сынса бірден жөндетіп отырдым. Бір бағана түбіне немесе ғимарат жанына біреу қоқыс пакетін тастап кетсе, сол қоқысты тез жинамасаңыз басқалар да солай тастап кете береді. Мен тасталған әр қоқысты жинатып отырдым.
Бір жердің қылмыс ауданына айналуы сынған терезеден басталады. Айналада ешкім әрекет қылмаса, терезе тездетіп жөнделмесе жұрт ол жерде тәртіпке қарайтын ешкім жоқ екен деп басқа терезелерді де сындыра бастайды. Мұның арты үлкен қылмыстарға айналады, біраз уақыттан кейін ол аудан полиция кіре алмайтын аудандардың біріне айналады.
Мұны түсінген Нью Йорк полициясы алдымен кішкентай қылмыстардың соңына түседі. Метроға билет алмай кіргендерді, подъезд алдында дәрет сындырғандарды, қоғам мүлкін бүлдіргендерді, көшеде бөтелке лақтырғандарды ұстап, жазалай бастайды.
Полиция "қылмыстың үлкен-кішісі бізге бәрібір, метроның, көшенің қылмыс аймағына айналуына жол бермейміз" деп ірілі-ұсақты барлық қылмыспен айналыса берген.
Негізі «сынық терезе теориясы» Филип Зимбардо атты қылмыс психологының 1969 жылы жасаған бір зерттеу ісіне сүйеніп жасалған.
Зимбардо қылмыс пайызы жоғары, кедей аудан Бронкс пен тұрмыс жағдайы жақсы Пато Альто аудандарының көшелеріне бір бірден ескі машина тастап кетеді.
Бронкстағы машинаның 3 күн ішінде күл талқаны шығады. Ал, Пато Альтодағы машина бір апта бойы сол күйінде тұрған. Зимбардо мен қасындағы 2 студенті машинаның айнасын сындырып кетеді. Шамалы уақыттан кейін айналадағы адамдар да машинаның қалған әйнектерін сындырады.
«Алғашқы терезенің сынуына, айналаны ластайтын алғашқы қоқысқа, алғашқы қабырға жазуына рұқсат бермеу керек. Бұлай істемесек бұдан кейін болатын нәрселерге кедергі бола алмай қаласыз.» дейді Зимбардо.
Мына жерден алынды: http://www.sabah.com.tr/Yazarlar/uluc/2012/04/26/kirik-cam-teorisi
