ДырдупедиЯ: Пафосиоз
(Бұл науқас түрі әлі толық емес, дырдуландыруды қажет етеді!)
СИПАТЫ.
ТҰРПАТЫ.
1. Сипаты
Психикалық ауытқудың бір түрі. Алқаш рет 1832 жылы Әйтеке бидің бойынан байқалған. 14 жасар Әйтеке би 20 мың қолмен тұрған Цеван-Рабтанға барып, ішпей-жемей[3 236 адам күмән білдірген! ] былай дейді:
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!
Бидің шекпеген-ішпегенін тексерткен соң, Цеван-Рабтан күнделігіне былай деп жазады:
«Кирсан илюмжин элиста. Монгол шуудан бір хойньо».
Чех нұсқасынан аударғанда:
«Я ішпеген, я шекпеген, көздері тұнық, тынысы терең. Бірақ 20 мың адамға тоғыз адаммен келіп әңгіме айтқызатын күш — я құдірет, я ауру. Ауру болса — жұқпалы сияқты, сұрағанын беріп құтылайын, шешесс.»
2. Тұрпаты
Пафосиоз дертіне шалдыққандардың ең жасы 4 жаста, ең кәрісі — 97-де. Алқашқыда мидың оң жақ жарты шарында әктас сияқты борамық жыныстар пайда болады. Бұл кезеңге көбіне маниямен шектесетін мәлімдемелер тән. 4 жасар Сәбилянның мәлімдемесінен үзінді:
«Айнадым ельм,
Тухан зельм!
Қямын саған занімды,
Саламын саған бадымды!».
Ересектерге жұққан пафосиоз баяу дамиды. Бастапқы кезеңі саяси, геосаяси, ұлтшылдық, пантүркистік, эротикалық сипаттағы түстер көрумен ерекшеленеді.
Мұндай түстер есейе келе жиілеп, ақыры адам сенгісіз мәлімдемелер жасауға әкеледі.
