Ескі архив · 28.04.2012 14:44

Шива үшін 38 жыл қолын көтеріп тұрған Амар

Амар Бхарти бүгінде үнді елінде бірден бір қасиетті саналатын жан. Өйткені, ол қолын 38 жылдан бері суреттегідей жоғарыға қарай көтеріп тұрады екен. Оның айтуынша, 40 жыл бұрын баласы мен әйелін тастап, Индияға келіп Шива құдайға мінәжат еткісі келіпті. Осыншама жыл қолын көтеріп тұрғандықтан қан айналым жүйесі тоқтап, оның қолы адам қарағысыз қорқынышты бірдеңеге айналып кетіпті. Иә, 38 жыл Шива үшін қолын көтеріп тұрған бұл Амар амигоның қылығына бір қарасаңыз есерлік, бір қарасаңыз көзсіз берілгендік, бір қарасаң… енді қалғанын «Керекшілер» айтсын. Мен өліп кетсем де, қолымды осылай көтеріп тұрмас едім. Адам сияқты өмір сүру керек емес пе? Бірақ, бұл үнді көкеміз құдай үшін құрбандықтың классикалық һәм ешкім қайталай алмайтын сара жолын таңдапты. Дереккөз мына жерде...
Авторы:
Zhan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту