Ескі архив · 30.04.2012 18:48

Сүзбелі нан (сырник)

Үш күн демалыста достарымды бір тойдырайын дедім де, инет ақтардым. Біздің "Қағанатта" 600-700 теңгеге жеп жүрген ет, тауық өнімдерін гарнирімен бірге өзімнің дайындағаным арзанға түсетін сияқты көрінді. (Дәмі дәл сондай болмайды, әрине). Тауық етін біресе болгар бұрышымен, біресе сәбізбен қуырып, гарнирге күріш пісірдім. Дәмді болған сияқты (Болгар бұрышының килограмы 800 теңге деп тұр, ұжыс ) Негізі, айтпағым бұл емес. Инеттен қарап отырып, сырник (осының қазақша дұрыс баламасын аудармашылар айтып жіберсе, қатып кетер еді) дайындадым. Ол үшін: — 250 грамм майлы сүзбе (сатушы маған обезжиренный сүзбе беріп жіберіпті); — 1-2 дана жұмыртқа; — жарты стақан ұн; — 2-3 ас қасық қант; — бір шымшым тұз; — Тағам дайын болғасын, оны дастарханға тосап, қаймақ, қойылтылған сүтпен (сгущенка) бірге қойсаңыз болады. Әуелі ұн, сүзбе, жұмыртқа, тұз, қантты бір ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Майлы сүзбені алдын-ала миксермен араластырып алуға болады (Жатақханада қайдағы миксер ) Араластырғанда төмендегідей болады: Сосын, осы қоспаны ұнға аунатып, дөңгелек формаға келтіреміз. Сосын екі жағы қызарғанша жақсылап қуырамыз. Қорытындысында: Қаймақпен және тосаппен Пыс: Инетте сырниктің әр түрлі, күрделі рецептері бар. Мынау — ең қарапайым түрі. Ас болсын!
Авторы:
Rozatai

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту