Ескі архив · 03.05.2012 16:07

«Блатной» нөмір аласың ба?

Біраз күннен бері Жол полициясы автокөлік нөмірлерін сату туралы бастама көтеріп жатыр. Сатылатын нөмірлер екі санатты болмақ. Біріншісі ерекше, екіншісі сұранысқа ие нөмірлер. Олардың бағалары 1,5 мың доллардан 2,5 мың доллар аралығында екен. Жолполдағылар ерекше санатқа 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009 нөмірлерін жатқызды. Көбірек сұранысқа ие нөмірлер: 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, сондай-ақ 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999 екен. Арамызда нөмірқұмарлар бар ма? Жынды нөмір сатып алушы ма едің? Әлде, нөмір болса болды ма?
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту