Ескі архив · 03.05.2012 03:53

Құмырсқалар. Узурпатор ханшайым

Кей құмырсқалардың арасында уақытша әлеуметтік зиянкестік құбылысы кеңінен тараған. Бұндай құмырсқалардың ұрғашылары майдалау болады, және өздігінен жаңа отбасын құруға қауқары жетпейді. Жаңа отбасын құру үшін олар құмырсқалардың басқа түрін қолданады. Мәселен, иісті сары құмырсқаның ұрғашысы басқа құмырсқа түрінің илеуіне кіріп алады. Келімсек ұрғашы қожайын құмырсқалардың жұмысшыларына ұнайтыны соншалық, оның Ханшайымдарын өлтіріп, орнын басып алуына еш кедергі жасамайтын көрінеді. Біраз уақытқа дейін бір илеудің ішінде құмырсқаның екі түрі қатар «бейбіт» өмір сүреді. Алайда аналығынан айырылған "қожайындар" біртіндеп құрып бітеді, ал жаңа тұрғындар олардың орнын толық басып, илеуді өз ыңғайына қарай өзгертіп алады. дереккөз
Авторы:
Gastarbaiter

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту