Ескі архив · 11.05.2012 23:21

Керектің патиіне келіңдер!

КерекПати деген не? Не ғой, ештеңе де емес. Жәй ғана көңіл көтеріп, керектің блогерлерімен танысу кеші. Айына бірнеше рет өткізіп тұрамыз деген ой да жоқ емес. Бастысы — блогерлердің кім екенін, керектің не екенін білгіңіз келсе, есігіміз ашық. Айтпақшы, кеш менің пәтерімде болады. Ешкімді де жатырқамаймыз, керісінше — бәріңмен танысуға құлықтымыз. Бір ғана ескере кететін нәрсе бар, ол төмендегі сипаттамада жазылған. Мұқият болыңдар! Сипаты: Егер ішімдік ішкің келсе — өзіңмен алып кел; Егер тамақ жегің келсе — өзіңмен алып кел; Егер ойын ойнағың келсе — идеяңды айт; Егер талқылағың келсе — баста. Өтетін жері: Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер. Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы Өтетін уақыты: 12-мамыр күні, кешкі сағат 18:00-де басталады. Ал, қайту уақыты әркімнің өз еркінде. Ешкім қуып шықпайды :*)) Қысқасы: Өздеріңмен бірге азықтарың мен ішімдіктеріңді құшақтап, ертең кешке менің үйіме жиналыңдар. Кеш пайдалы, көңілді, қызықты, ойындарға бай болады деп ойлаймын. Талқыланатын тақырыптар: 1) Сатыбалды деген кім? Болмаса — не? 2) Керекте қалай танымал болуға болады? 3) Керектегі танымал блогерлер кімдер? және т.б. Айтпақшы, көрсетілген адрес бойынша келіп, үйді таппай жүрмеулерің үшін жеке телефонымды қалдырайын, бірдеңе болып жүрмесін тағы: +7 702 546 71 07 Осымен, болды! Бәріңді күтемін. Егер сауық кешінде ұйымдастырылатын ойынға ұсыныстарың болса, төменде талқылайық. UPD: Кей сұраныстарға орай, үйдің жанындағы дүкендер туралы ақпарат. Жароков көшесімен Әл-Фарабиге қарай жоғары бір квартал шықсаңдар «Рамстор» бар. Сол жерде бәрі нәрсе табылады. Сондай-ақ, үйлердің арасында кішігірім дүкендер жеткілікті. Бәріңді күтеміз :)
Авторы:
e_zhalgas

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту