Ескі архив · 12.05.2012 18:24

Қымыз ішпейтін қазақтар («жақсы» мақалаға қарымта)

Адам баласының табиғатында жыныстық жетілу он төрт жаста басталады екен. Яғни, осы жаста қарсы жыныстыға деген қызығушылық оянып, онымен қатынасқа түсуге деген табиғи қажеттілік пайда болады. Ал қажеттілік бар жерде, ол өтелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, табиғаттың жазасы қатал болмақ. Статистика бойынша ма, әлде жай өмірден алына салған мысал ма, қазақ жігіттері (опшым жігіттер) орта есеппен 22-27 жаста шаңырақ көереді екен. Тіпті, соңғы кездері «жас отбасына» қойылатын жас талабын 35 жасқа дейін көтеру жөнінде әңгіме шығып жатқанына қарағанда, әскерге кеткен жарынан солдат хат күтіп, бесік тербетіп отыратын үлбіреген келіншекті емге таппайсыз ба деп қалдым. Сонымен, есептен хабары бар адам жыныстық жетілу мен үйленіп үй болу арасында кемі сегіз, артығы он үш жыл бар екенін аңғарады. Ол жылдарда жас жігіт не істейді? Әрине, қызға барады. Өйткені, ол еркек, «шыбығы сыздайды» (менің сөзім емес, Шерхан Мұртазадан ұрлап алдым). Ол қыз кім, қандай, оған дейін кіммен жатып-тұрды, бұнымен болғаннан кейінгі тағдыры не болатыны оны (қазақ жігітін) алаңдатпайды. Өйткені, ол өзінің болашаққа құрған жоспарына сай өмір сүреді: мектеп бітіру, инстөт бітіру, жұмысқа тұру, машина алу, содан кейін ата-анасына жақсы келін, өзіне адал жар, болашақ балаларына керемет ана болатын идеал қызды іздей бастайды. Міне, сол қыздың арғы-бергі тарихы ғана алаңдатады қазақ жігітін. Сперматиксикоздан зардап шегіп жүрген безеубет бозбала кезінде талай болашақ адал жар мен жақсы келіннің обалына қалғанын астында көлігі бар дипломды жас маман есіне алады дейсің бе? Хош. Туыстарының алдында бойдақтығына ақталып «Қыздардың бәрі бұзылған, таза қыз жоқ қазір» деп қызарақтап алады да, кеш батқасын жорыққа шығады, қалған-құтқан таза қыздың түбіне жетіп, «пісілген күбінің» санын көбейту үшін. Бойдақ кезінде бәрібір, жуындыға да малып жүре береді, бірақ үйіне әкелетін күбісі стерильный таза болуы тиіс. Үйленгеннен кейін де, сырттан күбі пісіп келуге кетәрі емес, тіпті қажеттілік деп санайды: «Еркекпіз ғой» ©. Болашақ жарына қоятын талаптары да бар: әдемі болуы керек, күтімді болуы керек, еркекті рахатқа бөлеудің қыр-сырын бес саусақтай білуі керек. Бұл ең алдымен жүретін талаптар, де факто. Ал де юре: ата-анамды сыйласа, туыстарыма ойнап-күліп шай берсе, бар-жоқты ұқсатса, балаларымды жақсы тәрбиелесе… Де юрені қатырып отырған әйелі де фактодан ақсап жатса, оны басқа жақтан тауып ала саламыз. Екіжүзді өңкей… Де фактоны қатыратын әйел оның бәрін іштен біліп туды ма? Жоға, оқиды да бір жерден, көреді. Мысалы, «Айқаракөз» сияқты сайттардан. Ал үйдегі адал жары ондай сайттарды оқымауы керек, өйткені ол қазақтың жары, қазақтың келіні, қазақтың анасы. Оқымауы керек, бірақ ананың бәрін білуі керек. Білмей жатса, өз обалы өзіне. Бәйбіше деген құрметті «бас» рольді «под бурные апплодисменты» орындау қалған өмірінің басты міндеті болмақ. Тоқал алғыштар, қазақтар көбінесе екінші әйелді әйелді бірінші әйел неше бала тауып әбден шаршағанда, оны келіндерімен жағаластырмау үшін алғанын бір сәт ойланып көрдіңдер ме? Әңгіме неден басталып еді? Ааа, иә, айтпақшы. Қазір жігіттер қызға қарамайтын болып кетті. Қыздармен сүйіспейді, олардың арына тиіспейді, тек маңдайынан ғана иіскейді. Жігіттерді арандатып, күнәға батыратын қазіргі қыздардың өздері. Ал «Қымызды кім ішпейді, қызға кім сөз айтпайды» деген қазақтың сөзі әдірем қалды. Жалпы, жігіттерге қатысты қазақтың көп сөздері әдірем қалып жатыр. Ендеше, қызға сөз айтпайтындар, демек, қазақ емес. Ал өзің қазақ болмасаң, қазақ қызы қандай болуы керектігі туралы сын айтуға қақың жоқ!!!
Авторы:
dark_nazgul

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту