Ескі архив · 18.05.2012 18:05

Ханшатырда түріктердің Эбру сурет өнері таныстырылады және концерт болады

Ханшатырда 19 мамыр, сенбі күні сағат 18:00-де Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түріктердің мәдени орталығының Эбру сурет өнеріне арналған шарасы өтеді. Қонақтарға Эбру өнері таныстырылып, мәдени орталықтың осы саладағы курсына қатысушылардың шығармаларының көрмесі өтеді. Келушілерге түрік кофесі ұсынылады және қазақ-түрік оркестрінің концерті қойылады. Керекшілер, ертең бірге барып қайтайық. Ханшатырдың 1-ші қабатындағы алаңда, сағат 18:00-де. Эбру су үстіне салынған бояулы өрнектердің қағазға өткізілуі. Мысалы мынандай:
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту