Ескі архив · 18.05.2012 11:57

Троллейбустағы танысу

— Қарындас, кешке не істейсіз?- деп сұрады жігіт бұлшық еттерін былшитып… — Жайшылық па? — деді қыз, бір жақ қырын бұрылып, кеудедегі қос анардың размерін бағаласын деген оймен… — Жай, қызығып сол, сіз сияқты сұлу қыз кештері немен айналысады екен білгім келіп- деп құлаққа жағымды сөздерде айтып қалды жігіт осал еместігін көрсетпек болып… — Кітап оқитын шығармын...- деп қыз теріс бұрылып, айдалада ашық тұрған троллейбустың терезесін ашып келді… фигураны жақсылап көріп алсын деген сасық ой ғой баяғы… ішінен «оо, суппер» деп тамсанып қойып жігіт қызға былай деп жауап қайырды… — Менде кітап оқығанды жақсы көрем, әсіресе әр түрлісін..- деп артынша қалтасынан қалтафонын шығарып сан қилы әуендерді шырқатып тұрғанда… — Жақсы мобилній екен, — деді қыз, сосын артық болмас деген оймен- менде болған екі-үш жыл бұрын қазір басқа, бірақ олай болғанменде номері сол бәз баяғы қалпы..+7 300 568 48 78- дегенді қыстырып жіберді… — Мен жазып ала қояйын — деп бұлшық етті жігіт қалтасынан жасыл екі қағаз алып шығып, біреусіне жаза қойды… — Ійә саған!!! — деп мысқылдаған кейіп танытты қыз, байқаусыз сан етін жалтыратып жатып — кешке қызыңызбен қыдырып жүріп, теңгеге ауыстырып жібересіз, бітті… — Жоқ, менде басқа қыз жоқ — деп ағынан жарылып, артынша қалтасынан төл құжаты мен қойын дәптерін шығарып сапырып шықты. — Кешке қыдыратын ешкімім жоқ. Ал сіздің жігітіңіз кешке кітап оқуға кедергі жасамай ма? — Мен жалғызбын, қыдыратын ешкімім жоқ… — Қаласаңыз бірге қыдырайық..? — Жарайды, кешке машинамен келіп алып кетесіз ғой үйден… — Менің машинам жоқ- деп түңілді жігіт- Болған бірақ, сатып жібердім, жаңасын әлі алып үлгермедім, міне сату туралы келісім шарт- деп қалтасынан бүктілген бір бума қағазды алып шықты… — Қажеті жоқ — келісім шартты мұқият оқып шығып жатып қосып қойды- мен сізге сенемін… ешқайда бармай ақ қоялық, біздің үйде отырайық, мен жалғыз тұрамын… үш бөлмелі үй, орталықта, міне домовой книжкам… — бұрыштағы үй екен- деді басты шайқап налыған сыңай танытып, үйдің жоспарына көз тастап жатып. — Мен сізге аяғыңызға өзім тоқыған жылы жүн носки берем- деді қыз мүләйімсіп — Мен міндетті түрде келемін… — деп қалтафоның артқы қалтасына салып, бұлшық еттерін бір екі рет ойнақшытып тролейбустан шығып кетті… — Тамаша жігіт екен — деп күбірледі ішінен сұлу қыз… Бұрынғы КерекИнфо сайты — 23.10.06 Nurgisa
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту