Жігіттерге мода
Біршама уақыттан бері ойыма жиі келетін, алайда ұмыт қала беретін тақырыпты қозғағым келіп отыр бұгін. Еуропаның маған ұнайтыны, онда қыздар да, ұлдар да қалай киіну керек екенін біледі. Ал, Қазақтанға алғаш қадам басқаннан көзіме қораш көрінетіні жігіттер. Бірақ, менің айтқым келіп отырғаны жігіттер жайлы емес, олардың киімі болмақ! Бойжеткендер теледидардан өздеріне орташа болса да, жарасымдылыққа ұмытылады. Ал, жігіттеріміз (реніш болмасын, достар!) өзіне қарағанды үйрене алмаған секілді.
К. Шанель (Koko Chanel) айтқандай; сән өтер, бірақ талғам еш тозбайды!
Ең бастысы, белгілі бір стилің болсын. Мысалы, бір қыз саған сыйлық алар кезде қиналып кетсін! Сыйлық іздеген кезде, көрген барлық киім-кешекті есіне түсіріп тықрыңдап Ммм деп ойлап, «Ол мұны кимейтін шығар» десін. Стиліңді біле тұра қолыңа алған жемпірге он рет қарап, қайта тастасын. Он шақты бутикті аралап, ештеңе таппай, сізге кітап немесе қырынатын Жилет алсын. Яғни, Mega Center ішінде орналыскан NEW YORKER’да сатылатын, тегін болса да киюге жарамайтын жаман, жыртық бір жейдені сатып алып, оған бәрі бір осыда бола береді демесін. Ол кісі сіздің жүріп жүрген қызыңыз болуы мүмкін немесе апаңыз. Кім екені маңызды емес. Бастысы, талғамыңды айналаңа көрсет!
Магента қандай бояудың ақшылы? Бирюзовый деген? Қанық сұр, реңді сұр дегендерде не айырмашылық бар? — деген сұрақтардың жауабын үйрен. Алғаш рет кездескен қыз кездесуге алқызыл көйлек киіп келсе, саған қызыл өте жарасады екен деп секірме! Ұмытпа! Қыздар бояу, түстер туралы әңгімелескенді базар аралаудан да жақсы көреді. ФБ-те қыздардың суреттерін лайктай берудің орнына, бір жолы википедияға кіріп, түстер туралы ақпарат ал. Бірақ, қатты кетіп, ішіне кіріп кетпе. қыздар гей деп ойлап қалмасын.
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Және де, түрлі-түсті киінуден ұялма! Қанық түстер кие бер, ауылда жүрген жоқсың, уақыт өте келе халық оған да үйренеді.
Кез-келген бутикке кіргенде қара түске секіре берме. (Әсіресе, Шымкенттік жігіттер, сендерге арнайы айтып отырмын!) Сұр және күлгін, ашық түсті көк шалбардың не болғанын киіп көріңдер. Жас кезіңде киіп көрмей, қартайғанда ғана мойынға шалма, үстіңе сап-сары жакет киетін теледидар жүргізушілері сияты болып қалмаңдар! Мысалы, фисташка түсі ақшыл жігіттерге керемет жарасады.
Өзіңе ұнайтын бояулардан варианттар жасап көр. Мысалы, сарғыш түсті чино шалбар сатып ал, кез-келген аяқ киіммен жарасады, бірақ, үстіне мал сияқты футболка киме. Алдын айтып өткен көк жйдені ки.
Көшеде фитнес жаттықтырушысы сияқты капишоны бар ветровкамен жүрме. Әсіресе, көктемде, жазда қалай киеді адамдар, санама мүлдем келмейді.
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Сонша ақшаға алғасын маркасын көрсету керек деген ойдан бас тартыңдар! Соқырларға арналған, тоқпақтай GAP жазған жемпір алмаңдар. Жарнамалағаны үшін жұрт ақы алады, ал біз тегін жарнамалап жүреміз.
Былғарыдан жасалған қысқа top-gun жакет бұл өмірде тек Том Крузға ғана жарасады, босқа ақша шашып, ондай жакет алма.
Белдік деген ең маңызды аксессуар. Қанша әдемі киінсең де, белдіксіз костюм тиянақты емес. Бірақ, американдық шериф сияқты бүркіт, барыс басты тоқпақтай өрнекті түрлерінен емес, моногамды, былғарыдан жасалған және өзіңе шақ болуы тиіс. Белді екі рет айналып, ұшы бұтақ сияқты салбырап тұрмасын.
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Футболканың жағасын қарап көріңдер, ағылшынша BASIC жазуы болса, онда ол футболка әлемдегі ең әдемі футболка екенін ұмытпаңдар! Біртүсті, ешқандай жазуы жоқ basic футболканың астынф ештеңе кимей тасакты салбыратып жүрсең де жарасады.
Бұтыңа жыртық джинсы, аяғыңда шүберек аяқ киім киіп жаз бойы солай шықсаң, ешкім саған киім туралы әңгіме қозғай алмайды. Әртүрлі түстер араласып кеткен, кемпірқосақ сияқты болып кісі көзіне түспе. Жоғары аралас түсті болса, төменгі жағың біртүсті, қарапайым болсын. Ал, бұтыңдағы шалбар түрлі-түсті болса, жоғарғы жағың қарапайым болсын. Индиядағы, Пакистандағы түрлі-түсті автобус болып кетпе.
Айтпақшы, жейденің алдыңғы қалтасына зат салып жүрген адамды құдай төбесінен ұрсын! Ол дегенің зейнеткерге жарасады, зейнеткер жасына жеткенде темекі қорабын саласың ба, үй ақысының квитоктарын саласың ба өзің білесің.
Каро дизайнды көйлектің ішіне футболка киіп, алдынды ашып жүрме!
Шалбардың да қалтасына кез-келген нәрсені салып алып, толтырып жүрме. Алыстан қарағанда қозып кетіп, бұтағын тұрғызған псих сияқты көрінесің
Ертең президент болғанда, барқыттан қандай да бір киім киген жігіттерге Германиядағы жәйіттерге тиіскен Гитлердей боламын. Барқыт шалбардың ауы артынан қарағанда ALWAYS сиякты көрінеді.
Шкафта міндетті түрде қара-көк блейзер жакет, таза ақ, көк жейде және қарапайым қара шалбар болуы керек. Тек осылармен ғана өмір өткізіп, әдемі көрінетін голливуд жұлдыздары бар осы әлемде.
Жып-жылтыр нәрселерді ешқашан киюші болма. Кисең де менің көзіме көрінбе. Жұлдыз дегенің жалтырақ нәрсе, онда неге маған жалтырамасқа деп жылтырақ арасынан түрі көрінбей қалған Қайрат Нұртас сияқты болып кетпе. Осы күнге дейін жылтыр десе есіме Элвис Пресли түсетін еді, ол байғұстың өзі стилистінің сөзіне алданып, киген киімдеріне өзі шыдай алмай, өмірден ерте кетті Джастин Биберге де ата-анасы жалтырақ кигізсе екен.
Аяқ киім туралы осындай үш пост керек, қысқаша айтқанда, ана тышқанға ұқсайтын, алды тесік, тесік туфлилерді кимеңдер енді. Бұл әлемде тек қара мен қоңыр түс жоқ. Егер спорт үшін болмаса, аппақ аяқ киім кимеңдер. Ақ туфли дегенің 80-шы жылдардағы шашы ұзын, қолтық жүні беліне түскен, шұлықсыз жүретін сасық немістерден қалған.
Бояулар сияқты, өлшемдерді де білу керек. Мектеп бітіргеніңе неше жыл болды? Киімдеріңді әлі де анаң алып жүрген болса, сөзім жоқ. «Келер жылы бойың өсіп қалар, сондықтан бір размер үлкен алайын» деп саусақ ұшына жететін мектеп формасын алып жүрген жоқсың ғо, бауырым.
Өлшемдер жайлы бірер сыр:
— костюм жеңі дәл білекте болуы керек.
— Жейде жеңі екі см-дей ұзын болып шығып тұруы керек.
— Шалбар балағы орташа 21-22 см болатындай алыңдар.
— Жейде жағасы мойыннан әрі кеткенде 1 см-ге кең болуы керек.
— Әкеңнің жемпірін киіп жүрсің бе дегенді естігің келмесе, үстіңе киген нәрсең иықтарыңнан салбырап тұрмасын.
— Анаңмен дүкенге барма. Не кисең де, анаңның көзіне тар және кішкентай көрінеді.
Осы посттан кейін 1-2 бұтақсыз шығып: «Далдыбай, өзіңше болып жазасың, бірақ сол айтқандарыңды алуға ақша қайда?» деп шығатынына 100% сенімдімін. Осы жерге дейін, айтқан киімдерімнің брендін жаздым ба? барахолкадан алсаң да, Hugo Boss-тан алсаң да қарапайым таба аласың ғой?
Тағы бір нәрсе: құдай үшін, тазалыққа көңіл бөліңдерші, жігіттер! Адамның өз-өзіне қарап жүргені артық емес. Мысалы бир күні кафеде отырмын, көрші столдағы жігіт қызына материализмнен бастап, парапсихологиядан шығып, неше түрлі әңгімені періп жатыр. Қызы мәз-мейрам бірақ сол жігіттің күйіп калған чечилдей бүйра бүйра тасак жүнін дәретхана тасында көруді маған жазған. Су деген жақсы нәрсе, тасагың көрінбейді, бірақ мұрын жүнің, құлақ кірің көрінеді. бомжский стиль ұнаса да, ол кір-кір жүруіңе себеп емес.
Соңғы сөз қыздарға бағытталған: жігіттерге қандай киім-кешек жарасатынын айтудан қорықпаңдар. Қасыңызға жарастырып ертіп жүргенді білгенде, жігітіңізге жарастырып киіндіруден ұялмаңыздар!
П.с.: Қазақшамды дүзеп берген Bakytty Gosha'ға үлқен рахмет
