Ескі архив · 20.05.2012 00:16

"IT-тірлік" онлайн-журналы

Армысыздар! Ұзын сөздің қысқасы: биылғы құрылтай қатысушыларына көрсеткен «IT-тірлік» атты журналымды шығаратын күн таяп қалды. Күнделікті ит тірлікпен арпалысып, "Әне-міне шығарамын" деп жүргенде жылдың бір жартысын еңсеріп тастаппыз. Соны есіме алып, міне біртіндеп күн, түн демей осы шаруаны қолға алып, бітіргенше жанымды қоярға жер таппай жатырмын. Қазір мен сіздерге журналдың промо-ролигі мен журналдың демо-нұсқасын ғана ұсынбақшымын. Ал толықтай, иншаллаһ, маусымның бас жағында, жыл бойы өзім асыға күтетін күн қарсаңында көресіздер. Демо ПыСы: журналдың бір беті дайын емес, неменеме жетісіп жарнамалап жатырғанымды өзім де білмеймін) ПыСы екінші: Қызық үшін мына IT-tirlik.kz сайтыма да бас сұғып қоярсыздар))
Авторы:
timurrr

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту